AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутаттар мемлекеттік грантпен оқитын студенттерг...

Депутаттар мемлекеттік грантпен оқитын студенттерге міндетті сынақты енгізуді ұсынып отыр

Әлеумет 02.10.2024, 12:24 1,139 Nursok82
Депутаттар мемлекеттік грантпен оқитын студенттерге міндетті сынақты енгізуді ұсынып отыр
видеодан алынды

Депутаттар мемлекеттік грантпен оқитын студенттерге міндетті сынақты енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Бүгінде біз отандық экономиканы дамыту үшін жұмысқа орналасудың орнына шетелде қара жұмысты таңдайтын техникалық және жоғары білімі бар мамандарды дайындап жатырмыз», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар депутаттық сауалында.

Жалпы, Халықаралық көші-қон ұйымының 2023 жылға арналған мәліметі бойынша 193 мың қазақстандық еңбек мигранттары болып табылады. 

Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылы құрылыс саласы экономиканың ең маңызды салаларының бірі болды. Ал дәл осы салада кадр тапшылығы 15 мың адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 13,5 мың, көлік және қойма шаруашылығы – 9,4 мың, өңдеуші өнеркәсіп – 7,4 мың кадр тапшылығы сезіледі.

Ол 2019 жылы құрылысшыларды дайындайтын жоғары оқу орындарына 2900 грант, ауыл, орман және балық шаруашылығына 1,6 мың, көлік және қойма шаруашылығына 4,2 мың және т.б. грант бөлінгені жайында тоқталып өтті.

«Біздің ойымызша, 2019 жылы оқуға түскен мамандар 2023 және 2024 жылдардағы бос орындарды толтыруы керек еді. Алайда, біз мұны көре алмай отырмыз. Жыл сайын мемлекеттік білім беру гранттары бөлінсе де, кадр тапшылығы азаймай отыр. Керісінше, тапшылық одан сайын ұлғайып барады. Онда бюджет қаражатын кадрларды даярлауға жұмсаудың тиімділігі қандай?», - деп атап өтті депутат.

ҚХП фракциясы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алған азаматтарды меншік нысанына қарамастан тиісті салада бейіні бойынша міндетті оқытуды енгізуді ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант #депутат #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);