AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутаттар әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеуд...

Депутаттар әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеуді ұсынды

Әлеумет 12.04.2023, 13:44 1,260
Депутаттар әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеуді ұсынды

Атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау ең жақсы шешім болмақ.


Қазақстан халық партиясының мәжілістегі депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды, оның орнына ай сайын әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеп тұруды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәжіліс депутаты Гауһар Танашеваның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек көп балалы отбасылар үшін нақты көмек болып тұрған жоқ.



"Қазақстан халық партиясының фракциясы атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау қажет деп санайды. АӘК-ке үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналарға жүздеген сынақтан өту керек. Әдетте әйелдер бюрократия мен мемлекеттік органдардың әуре-сарсаңынан шаршайды. АӘК-ті алып тастау ең жақсы шешім болмақ. Оның орнына балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет", - деді Танашева вице-премьер Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында.



Депутат әр балаға жұмсауға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төлеу қажет деп санайды.



"Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға айына 70 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайтын болады. Екі балаға 140 мың теңге тағайындалады. Ал қазір 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері. Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, баспананың жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген", - дейді Танашева.



Осыған байланысты депутат атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі бірыңғай балалар жәрдемақысын есептеу әдістемесін қарауды сұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АӘК #депутат #жәрдемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика