AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Депутат руға бөлінуді насихаттайтын контент пен фи...

Депутат руға бөлінуді насихаттайтын контент пен фильмдерге тосқауыл қоюды ұсынды

Заң мен тəртіп 17.12.2025, 11:21 345
Депутат руға бөлінуді насихаттайтын контент пен фильмдерге тосқауыл қоюды ұсынды
Видео кадры

AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, қоғамда күшейіп бара жатқан рушылдық пен жікшілдікті насихаттайтын трендтерді ұлттық бірлікке қауіп ретінде бағалады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Депутаттың айтуынша, тәуелсіздікті сақтау үшін қоғамға ең керегі – бірлік, тұтастық және ынтымақ. Алайда соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мәдени ортада керісінше халықты жіктеуге бейім үрдістер белең алып барады.

"Ру атауын брендке айналдыру" қауіпті тенденцияға ұласуы мүмкін

Сауалда жекелеген контент өндірушілер мен кәсіпкерлердің ру атауын күнделікті тұтынатын өнімдерге (футболка, шапан және т.б.) жазып, оны "бренд", "маркетингтік өнім" ретінде сатуы сынға алынады. Депутат мұндай әрекеттердің жастар арасында рушылдық психологияны күшейтіп, ұлттық тұтастыққа сызат түсіруі мүмкін екенін атап өтеді.

Сондай-ақ, депутаттың мәлімдеуінше, бұл үрдіс кино саласына да жеткен: ру салыстыру, кемсіту элементтері бар фильмдердің прокатқа шығуы қоғамдағы сезімтал тақырыпты коммерциялық құралға айналдыруға әкелуі ықтимал.

"Творчестволық бостандық қажет. Бірақ ол ұлттың бірлігін бұзып, мемлекеттіліктің тамырын қиюға қабілетті деңгейге шықпауы тиіс", – делінеді сауалда.

Депутат ұсынған 3 нақты шара

Ерлан Саиров қоғамдағы рушылдықты күшейтетін идеологиялық өнімдерге тосқауыл қою үшін бірқатар институционалдық қадам ұсынады:

  1. Кинопрокатқа шығатын отандық фильмдерді алдын ала сараптайтын тұрақты комиссия құру
    – көркемдік-эстетикалық, идеологиялық және ұлттық бірлік тұрғысынан бағалайтын тетік қажет екенін айтады.

  2. "Ұлттық код", "мәдени ерекшелік" ұғымдарын желеу етіп, қоғамды бөлшектеуге бағытталған әрекеттерге нақты тосқауыл қою
    – рушылдық пен жікшілдікті насихаттайтын контентке жүйелі түрде шектеу енгізуді ұсынады.

  3. Бірлікті нығайтатын жалпыұлттық контентті көбейту
    – мәдениетте және әлеуметтік желілерде Қазақстан халқының тұтастығын айқындайтын, "Біз Қазақпыз" мағынасына жақын контентті арттыру қажет екенін жеткізеді.

"Ұлттың ең сезімтал тақырыбы ойыншыққа айналмауға тиіс"

Депутат сауалында рушылдықты ұлттың ішінен ірітетін қауіпті құбылыс ретінде сипаттап, оның мемлекеттік ойлауға кері әсер ететінін алға тартады. Бұл ретте Абайдың "Атаның баласы болма, адамның баласы бол" деген сөзін мысалға келтіріп, ұлт ретінде ілгерілеудің шарты – азаматтық тұтастық екенін меңзейді.

Сауал соңында Мемлекет басшысының "бәріміз бір ұлт болып еңбек етуіміз керек" деген ұстанымы еске салынып, ұлттық бірлік мемлекет саясатының өзегі екені көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #ру #бөліну
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55

ЖИ‑контент әлемде құқықтық реттеуге көшті: Қазақстанда да жауапкершілік енгізілуде

Бүгін 17:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика