AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын құ...

Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын құттықтады

Әлеумет 10.09.2025, 14:35 1,478
Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын құттықтады
Видео кадры

Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын құттықтады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында заң жобалары қаралғаннан кейін депутаттар түрлі мемлекеттік органдар басшыларына жолданатын депутаттық сауалдарын оқиды. Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева сөзді Ардақ Назаровқа бергенде, ол сауал қоюдың орнына анасын мерейтойымен құттықтауға рұқсат сұрады.

"Осында отырған барлық азаматтың артында әлемнің жарығын сыйлаған аналар тұр. Бүгін менің анамшымның туған күні еді, 70 жасқа толып отыр. Рұқсат етсеңіз", - деді депутат.

Еспаеваның жауабын күтпестен Назаров сөзін жалғастырды. Бірнеше әріптесі оған қол шапалақтады.

"Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге, жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз мәңгі бірге болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды иемін. Аналарыңыз аман болсын", - деді ол.

Кейін ол депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың атына жолдайтынын айтып, оқып берді.  Депутат еліміздегі мерзімді әскери қызметті жаңғырту қажетін көтерді.

Назаров сөзін аяқтаған соң Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың анасын құттықтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #мәжіліс отырысы #Ардақ Назаров #құттықтау #ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);