AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына алаңд...

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына алаңдаулы

Әлеумет 05.05.2025, 17:26 715 dulatbekova
Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына алаңдаулы
Сурет: Mcsvoboda.ru

Мәжіліс депутаты бұл туралы Facebook-парақшасында жазған. 

Асхат Аймағамбетов жазбасында остеопороз жайды сөз қозғаған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

"Остеопороз – тым кеш еске алатын дерт. Күнделікті әңгімеде де бұл тақырып көп қозғалмайды. Бірақ шын мәнінде бұл ауру 50 жастан асқан миллиондаған әйелдің өміріне кері әсер етіп отыр. Остеопороз – жай ғана сүйектің әлсіздігі емес. Ол аяқ-қолдың сынуы, операциялар, ұзақ оңалту кезеңі. Кейде адам тіпті жүріп-тұру мүмкіндігін жоғалтып, өзге біреудің көмегіне тәуелді болып қалады. ДДСҰ деректері бойынша, 50 жастан асқан әрбір үшінші әйелдің сүйегі остеопороз салдарынан сынады", – деді Аймағамбетов.

The Guardian басылымы Ұлыбританияда әрбір екінші әйел осы дерттің салдарымен бетпе-бет келетінін жазады.

Жапония, Корея, Франция, Швеция секілді елдерде бұл мәселе әлдеқашан ескерілген. Яғни, остеопорозға скрининг ұлттық денсаулық сақтау бағдарламасына кіргізіп қойған.

"Ал Қазақстанда, өкінішке қарай, бұл тақырып әлі де назардан тыс қалып отыр. Сондықтан біз Денсаулық сақтау министрлігіне арнайы ұсыныс жолдадық: 50 жастан асқан әйелдерге остеопорозға скрининг енгізу керек деп. Бұл жай қағаз жүзіндегі шешім емес. Бұл дегеніміз аналарымыздың, әжелеріміздің, мұғалімдер мен дәрігерлердің – өмірін өзгеге арнаған әйелдердің денсаулығы туралы", – деп жазды ол.

Депутат бұл скринингті ұлттық скрининг тізіміне енгізу үшін жұмыс жүргізіп жатырғанын жеткізді. Ол Денсаулық сақтау министрлігі бұл ұсынысты қолдайды деп үміттенетінін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#остеопороз #депутат жазбасы #алаңдаушылық #Аймағамбетов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған айрықша үлес

Бүгін 15:31

Алматыда қоғамдық көлік жүйесі мен жол қозғалысы жаңғыртылып келеді

Бүгін 15:28

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай тегін медициналық тексерулер мен кеңестер өтеді

Бүгін 15:26

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Бүгін 14:03

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);