ffin.kz

Денсаулықты нығайту үшін қажет 7 кеңес

Денсаулықты нығайту үшін қажет 7 кеңес Сурет: Ummet.kz

Екпелер мен микстуралар (сұйық күйдегі дәрілер) денсаулықты нығайта түсетіні сөзсіз. Алайда адамның өзін жақсы сезінуі үшін бір қарағанда өте қарапайым әрекеттерді жасаудың өзі жеткілікті. Әрқашан денің сау болып, бақытты өмір сүру үшін қажетті бірнеше кеңеске назар аудара отырыңыздар.


Кітап оқыңыз


Кітап дегенде де, электронды нұсқада емес, қағаз күйіндегі ақпаратты оқу күйзелісті жағдаймен күресуге көмектеседі. Жақсы нәтиже шығу үшін өзіңізге оқыған кезде жағымды әсер беретін мәтінді оқыған жөн. Себебі өткір әлеуметтік мәселелер мен саяси тақырыптағы газеттер мен журналдарды оқудан ондай әсер алмауыңыз мүмкін.


Тамақты ақырын жеңіз


Диетологтар көбіне-көп артық салмақ адамдардың тамақты көп жеуінен емес, оны тез әрі дұрыс шайнамауынан болады дейді. Тамақты өте тез жейтін адамдар асты шамадан тыс көп жеуге бейім келеді. Яғни, ағза тамақтанғанын түсінбей, тойғаны туралы сигнал тым кеш келеді.


Медитацияны тыныштықта жасаңыз


Медицина қызметкерлері медитация тек йога және шығыс тәжірибесін ұстанушылар үшін ғана емес, тіпті қарапайым кеңсе қызметкерлері үшін де пайдалы екенін бұрыннан айтып келеді. Гарвард университетінде жүргізілген зерттеу күн сайын отыз минут жасалған медитация күйзелістің дамуын азайтатыны дәлелденген. Медитация адамның эмоционалдық жағдайын арттырады, психологиялық, сонымен бірге, адамның физикалық саулығына жағымды әсер етеді.


Темір жайлы естен шығармаған жөн


 Темір ағзаның қалыпты жұмысын сақтауда маңызды рөл атқарады. Шаршағыштық, тәбеттің жоғалуы, назарды тоқтатудың қиындығы — бұл адам ағзасындағы темір жетіспеушілігімен кездесетін мәселелердің бір бөлігі ғана. Сонымен қатар, темір тұрақты метаболизмге ықпал етеді және өкпеден жасушаларға оттегін тасымалдайды, сондықтан оның жетіспеушілігі артық салмақтың өсуіне ықпал етуі мүмкін.


Телефонды өшіріп қою керек


Бұл, әрине, бірінші рет айтылып жатқан жаңалық емес. Қалай дегенмен де, бұл - басты ұстануға тиіс кеңестердің бірі. Смартфондарды жиі қолдану көздің қан қысымын, стрессті ұлғайтып, мойын, иық бөліктерінің, сонымен қатар басты жиі төменге салудың салдарынан бас сақинасы ауруларына әкелуі мүмкін.


Күніне 21 минуттан серуендеңіз


 АҚШ-тың бақылау және алдын алу жөніндегі орталық 18-ден 34 жасқа дейінгі жас аралығында адамдарға денсаулықты бір қалыпта ұстау үшін аптасына кемінде 150 минут аэробикалық жаттығулар жасау қажет. Егер сіз спортпен шұғылдануға екі жарым сағат бөле алмасаңыз, онда бұл уақытта аптаның әрбір күніне теңдей келетіндей бөліп тастаңыз. Сонда 21 минуттан шығады. Жаяу жүріп, серуендеу үшін 21 минут уақыт табу әлдеқайда жеңілірек екеніне келісетін шығарсыз.


Үйде отырмаңыз


Нақтырақ айтқанда, уақытыңыздың көп бөлігін далада өткізіңіз. Бұл кеңес , әсіресе, қазір қыс алдында өте қажет. Өйткені адамдар көбіне ауа райының қолайсыздығын алға тартып, бұл істі кейінге қалдыра береді. Адам ағзасына D дәруменінің пайдасы зор, ал ол тек таза ауада бөлінеді. Ал егер серуендейтін жеріңіз табиғи орын болса, онда миыңызда жақсару процестері көбірек болады, күйзелістен арылуға болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02