Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Демократияландыруға қарай жаңа қадам жасалды

Демократияландыруға қарай жаңа қадам жасалды

Саясат 13.09.2022, 07:01 2,092
Демократияландыруға қарай жаңа қадам жасалды
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Е.Н. Жиенбаевтың Конституцияға түзетулерге түсіндірмесі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы маңызды саяси бастамалардың бірі – Президенттің мандатын қайта сайлану құқығынсыз жеті жылдық бір мерзіммен шектеу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мәжіліс депутаттары осыған қатысты түзетулерді Конституцияға енгізу мәселесін жеделдетуді ұсынды.


Олардың пайымдауынша, жаңа нормаларды президент сайлауына дейін қабылдаған жөн. Әйтпесе, Конституцияның қазіргі ережелері бойынша осы күзде Президент болып сайланатын адамға жеті жылдық мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік беретін заңды жағдайлар туындауы мүмкін.


Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін Конституцияға түзетулер енгізу қажет. Осыған байланысты, Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен тиісті заң жобасы әзірленді.


Заң жобасында Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі туралы және оның бір реттен артық сайлана алмайтыны жөніндегі нормаларды кейін өзгертуге жол бермейтін ереже енгізу де көзделген.


Бір адамның бір рет қана сайланатыны туралы норма Конституцияға енгізілетін түзету күшіне енгеннен кейінгі президент сайлауында Мемлекет басшысы болып сайланатын адамдарға қолданылатын болады.


Конституцияға түзетулер алдағы сайлауға және Президент жеті жылдық мерзімге сайланғанға дейін қабылданса, осы жолы Президент атанатын азамат үшін және одан кейінгі барлық Мемлекет басшылары үшін президент сайлауына қайта қатысу мүмкіндігі заңмен шектеледі.



Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі белгіленуіне байланысты осы заң жобасында Конституциялық Сот судьяларының қызмет мерзімін алты жылдан сегіз жылға ұзарту ұсынылды. Олар да бұл лауазымға қайта тағайындалмайтын болады.



Әлемнің көптеген мемлекеттерінде Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын тұлғалардың, яғни Президенттің және Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімінен ұзағырақ болады.


Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі олардың түрлі саяси күштердің ықпалынан тәуелсіз болуына басты кепілдік болып саналады.


Конституциялық Сот 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды. Сондықтан, оның судьяларының өкілеттік мерзімін ұлғайту туралы шешімді қазірден-ақ қабылдаған маңызды болмақ.


Ата заңымыздың 91-бабының 3-тармағына сәйкес заң жобасы Конституциялық Кеңеске жолданды.


Кеңес Негізгі заңға енгізілгелі отырған түзетулердің Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне қорытынды береді.    


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #жолдау #мерзім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі