Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Делиде туристер жиі жүретін аймақта көлік жарылып,...

Делиде туристер жиі жүретін аймақта көлік жарылып, 8 адам қаза тапты

Әлем 11.11.2025, 09:57 397
Делиде туристер жиі жүретін аймақта көлік жарылып, 8 адам қаза тапты
сурет: видео кадры

Үндістан астанасы Нью-Делидегі әйгілі туристік аймақта автокөлік жарылып, қайғылы жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Оқиға салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы 24 адам түрлі жарақат алған.

Жарылыс метроның «Қызыл қамал» («Red Fort») станциясы маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai i20 көлігі оталып жарылғаннан кейін маңындағы бірнеше автокөлікке де от тиген.

Аталған аудан – Нью-Делидегі ең көп турист баратын орындардың бірі. Бұл жерде елдің тарихи мұрасы саналатын әйгілі Лал-Кила (Қызыл қамал) цитаделі орналасқан. Жарылыс болған уақытта аумақта туристер көп болғаны айтылады.

Үндістанның ішкі істер министрі Амит Шах оқиғаның барлық мүмкін нұсқасы тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Алдын ала дерек бойынша, көлік не тұрақта тұрған, не бағдаршамда тоқтаған кезде жарылған болуы мүмкін.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бірі NDTV бастапқыда 13 адамның қаза болғанын хабарлаған, алайда бұл ақпаратты ресми органдар растаған жоқ.

Оқиға орны толықтай қоршауға алынып, Нью-Делиде жоғары дайындық режимі енгізілді. Қауіпсіздік шаралары бүкіл ел бойынша күшейтілді. Сондай-ақ жарылған көліктің бұрынғы иесі тергеу аясында қамауға алынғаны белгілі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нью-Дели #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Кеше 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Кеше 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Кеше 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Кеше 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Кеше 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика