AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / ДДСҰ әлемдік төтенше жағдай жариялады

ДДСҰ әлемдік төтенше жағдай жариялады

Әлем 18.08.2024, 11:05 1,871 yakiya
ДДСҰ әлемдік төтенше жағдай жариялады
almaty-akshamy.kz

Маймыл шешегі Еуропаға жетті.

Африкадағы m-pox (маймыл шешегі) індетінің кең таралуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайды жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Конгода бір аптаның ішінде індетті жұқтырудың 2000-нан астам жағдайы тіркеліп, вирус көрші елдерге тарай бастады. Дүниежүзі елдері, соның ішінде Қазақстан мен Қытай да вирустың алдын алу және оның таралуына жол бермеу үшін тиісті іс-шараларды күшейте бастады.

Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары Конгода маймыл шешегінің жұқпалы штамының жылдам таралуына байланысты континентте денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жариялады. Өйткені қауіпті вирус көрші елдерге тарай бастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем елдерін қауіпке ерекше назар аударуға және инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажет шараларды қабылдауға шақырды. Қазіргі кездегі басты мақсат – Африкада вирустың таралуына тосқауыл қою және оның әлемнің басқа бөліктеріне таралуына жол бермеу.

Маймыл шешегі вирусынан туындайтын бұл ауру алғаш рет 1958 жылы Данияда зертханалық маймылдар арасында табылған. Вирустың адамға жұғуының алғашқы жағдайы 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасында тіркелген.

Маймыл шешегінің таралуы негізінен Орталық және Батыс Африкамен шектеліп келді. Бірақ 2022 жылдың мамырында Еуропа мен Солтүстік Америкада да тіркелді. 2023 жылы ауру ошақтары азайғанына қарамастан, вирустың таралуы жалғасып келеді. Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтеріне қарағанда, өткен аптада ғана Африкада маймыл шешегінің 2000-нан астам жаңа жағдайы тіркелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Маймыл шешегі #ДДСҰ #Вирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);