AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Даун синдромы бар балаларға қайырымдылық көмек

Даун синдромы бар балаларға қайырымдылық көмек

Әлеумет 29.06.2023, 13:52 1,603
Даун синдромы бар балаларға қайырымдылық көмек
Сурет: Almaty-akshamy.kz

29 маусым күні Алматыда жаңартылған «Күншуақ» орталығы тың серпінмен есігін айқара ашты. Орталық жұмысы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан біріңғай қайырымдылық операторы – «Samruk Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен жанданды, -деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жоба аясында балалардың ой-санасын дамытатын, оңалтып, дене шынықтыратын, күнделікті қызметке қажет құрал-жабдықтар алынды. Сондай-ақ Қор көмегімен тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік мамандар тартылып, Астана, Алматы қалаларымен Атырау, Павлодар, Қостанай  облыстарындағы даун синдромы бар балалардың атан-аналарына кеңес беру шаралары  жүргізілді. Жобаның бюджеті 100 млн теңгені құрайды.



Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов тиісті нысанның қоғамға берер пайдасы мен маңыздылығын атап өтті.



«Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде орталық заман талабына сай жабдықталып отыр. Жалпы біздің Қор балаларға байланысты бастамаларды әрдайым қолдап келеді. Мәселен, өткен жылдан бері 73 мыңнан астам балаға түрлі бағыттағы көмек көрсетілді. Сондықтан ерекше балаларымызға және олардың ата-аналарына бүгінгі жаңалық өте жақсы сыйлық болды деп ойлаймын. Енді осы жерде жоғары деңгейдегі оңалтудан өтіп, алға қарай нық қадам жасау қажет», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры.




Орталық балаға туғанынан даму мен оқудың барлық сатыларынан өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру саласындағы мамандарды дайындауға және Даун синдромы бар адамдарды жұмысқа орналастыру жол ашады.



 «Даун синдромы бар жандарға арналған орталықтың ашылуы Алматы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстанға маңызды оқиға. Аталмыш нысан басқа қалалар мен облыстарға ерекше үлгі болатыны анық. Осындай орталықтарды басқа өңірлерде де ашу жоспарымызда бар. Жобаның іске асуына қаржылық қолдау көрсетіп отырған серіктестерімізге алғысымызды жеткіземіз», -  деді өз кезегінде орталықтың директоры Гвидо Треццани.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Даун #синдром #қайырымдылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

29 сәуірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:47

Қорғаныс министрі «Вечерний Алматы» газетін мерейтойымен құттықтады

Кеше 23:05

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика