AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дәрігер – балалардың жанашыры

Дәрігер – балалардың жанашыры

Әлеумет 29.05.2025, 14:48 599 Bakyt
Дәрігер – балалардың жанашыры
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

№11 қалалық емханада Ашық есік күні өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында және республикалық “Дәрігер – балалардың жанашыры” акциясы аясында №11 қалалық емханада С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен Ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараның мақсаты – балаларға кеңестік-диагностикалық көмек көрсету, сондай-ақ ата-аналарға баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарау, мамандарға уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Күн бойы ҚазҰМУ-дың балалар медицинасы саласындағы жеті түрлі бейінді маманы – профессорлар, медицина ғылымдарының кандидаттары және жоғары санатты дәрігерлер – кішкентай пациенттерге тексеру жүргізіп, кеңес берді.

Атап айтқанда, іс-шараға балалар эндокринологы, кардиоревматолог, аллерголог-пульмонолог, инфекционист, хирург, гастроэнтеролог және педиатр қатысты.

№11 қалалық емханасы мұндай іс-шараларды дәстүрге айналдырған. Мұнда балалар ауруының алдын алуға, ерте диагностика жүргізуге және ата-аналардың баланың денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыруына ерекше көңіл бөлінеді.

Балаларды қорғау күні – бұл тек мереке ғана емес, әрбір баланың құқығы мен саулығын сақтау қажеттігін еске салар маңызды күн. Барша бала сүйіспеншілікте, қауіпсіз ортада, ең бастысы – аман-сау өссін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #ана #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);