AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Дәрігер аллергияның негізгі белгісі мен оны емдеуд...

Дәрігер аллергияның негізгі белгісі мен оны емдеудің жолын айтып берді

Лайфстайл 10.03.2026, 12:13 403
Дәрігер аллергияның негізгі белгісі мен оны емдеудің жолын айтып берді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Гүл бүршік жара бастағанда аллергия да асқынады. Мамандардың зерттеуінше, тұрғындардың 20-40 пайызына дейін маусымдық аллергиядан зардап шегуі мүмкін екен. Аллергияның белгісін қалай тануға болады, өзін-өзі емдеу қауіпті ме және қазір қандай көмек ең тиімді саналады? Бұл туралы жоғары санатты аллерголог-иммунолог, медицина ғылымдарының докторы, ҚазҰМУ-дың жалпы иммунология кафедрасының профессоры Тайыр Нұрпейісов осы туралы айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы елдегі ең аллергенді қаланың бірі. Бұл табиғи жағдаймен қатар, ауада тозаңы көп тарайтын өсімдіктердің де көп болуымен байланысты.

«Алматы – аллергиясы ең көп қала. Есеп бойынша, аллергиясы бар адамдардың саны 20–40 пайызға жетіп қалады екен. Науқастардың көпшілігі жастар мен балалар, бірақ аллергия егде жастағы адамда да болады. Негізгі белгілері — мұрыннан су ағады, мұрын бітеледі, мұрын мен көзден бөлінділер шығады, түшкіру, кейде жөтел пайда болып, ауа жетіспей тұрғандай болады», — дейді Тайыр Нұрпейісов.

Дәрігердің айтуынша, қала тұрғындары кәдімгі суық тиюмен немесе ЖРВИ-мен маусымдық аллергияны жиі шатастырады. Шынында да, белгілері ұқсас болуы мүмкін, сондықтан уақытты текке өткізбей мамандарға жүгінген жөн.

«Маусымдық аллергия мен ЖРВИ-ді жиі шатастырады, себебі бұлардың қатты айырмашылығы жоқ. Аллергиялық ауру басқа аурулардың белгісіне ұқсай береді. Бұрыннан аллергиясы бар адамдар аллергияның жылда бір рет асқынатынын біледі. Бірден дәрігерге қаралады. Бірақ емді антибиотиктерден бастамау керек», — деп ескертті маман.

Тайыр Нұрпейісовтің айтуынша, өзін-өзі емдеу, әсіресе антибиотиктерді есепсіз қабылдау асқындырып жіберуі мүмкін. Оның айтуынша, пандемиядан кейін Алматыда ауыр аллергиялық реакция болып, соның ішінде дәріден аллергия болғандар жиілеген.

«Антибиотиктерді өз бетінше қабылдау көбінесе жанама әсерге әкеледі. Аллергияға бейім адамдарда дәрілік аллергияның пайда болу қаупі әлдеқайда жоғары. Ол есекжем, Квинке ісінуі немесе тіпті анафилактикалық шок түрінде көрінуі мүмкін. Өкінішке қарай, пандемиядан кейін біздің дәрігерлер осындай жағдайға жиі тап болып жүр», — дейді ол.

Маман сондай-ақ қазіргі кезде аллергиялық ринит ерте жастағы балаларда да жиі анықталатынын айтты. Бұрын бұл ауру көбіне үлкендерде болады деп саналса, қазір белгілері екі-үш жастағы балаларда да байқалуы мүмкін.

«Кейінгі уақытта аллергиялық ринит едәуір жасарып кетті. Қазір екі-үш жастағы балалар да ауыратын болды. Сондықтан ата-анасы кез келген белгіні инфекция деп ойлап, асығыс емдеуге кіріспей, дәрігердің рұқсатсынсыз балаға антибиотик бермеуі керек. Себебін дұрыс анықтау үшін педиатр немесе аллергологпен кеңескен дұрыс», — дейді Тайыр Нұрпейісов.

Маманның айтуынша, Алматыдағы негізгі аллергендер — ағаштар мен шалғын шөптердің тозаңы. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні — қайың, терек, сондай-ақ әртүрлі шөп түрлері, соның ішінде атқонақ, үйбидайық пен тарғақшөп. Бұл өсімдіктердің тозаңы алысқа тарап, қаланы кезіп жүреді.

Дәрігер аллергиялық ринитті емдеудің осы заманғы әдістері туралы да айтып берді. Ең алдымен аурудың белгілерін басатын дәрілер қолданылады, сондай-ақ мұрынға арналған арнаулы спрейлерді де пайдаланылады. Сонымен қатар бүгінде аллергенге арнаулы иммунотерапия (АСИТ) де кеңінен қолданылып келеді, қазір ол ең тиімді емдеу әдісінің бірі саналады.

«Аллергияны емдеу әдетте бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен антигистаминдік препараттардың көмегімен белгілер жеңілдетіледі, мысалы, левоцетиризин қышынуды, түшкіру мен шырышты қабықтың ісінуін азайтады. Сондай-ақ құрамында кортикостероидтары бар интраназальды спрейлер қолданылады, олар қауіпсіз, ағзаға да аса сіңбейді. Ал үшінші кезең — аллергенге арнаулы иммунотерапия, ол емдеудің «алтын стандарты» болып саналады және тиімділігі 90 пайызға дейін жетуі мүмкін», — деді маман.

Тайыр Нұрпейісов қала тұрғындарын денсаулығына мұқият қарап, аллергияның белгісі байқалса бірден мамандарға жүгінуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #аллергия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Бүгін 16:37

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Бүгін 16:13

Жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған тақырыптық панельдік сессия өтті

Бүгін 16:02

Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа моделін қалыптастыруда

Бүгін 15:53

«Жүрегімде екенсің...» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика