AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Фестивальдер қаласы: Алматыда жазғы маусым кең ауқ...

Фестивальдер қаласы: Алматыда жазғы маусым кең ауқымда басталды

Мәдени Алматы Бүгін 16:54 45 yakiya
Фестивальдер қаласы: Алматыда жазғы маусым кең ауқымда басталды
Алматы әкімдігі

Жаздың алғашқы аптасы-ақ мыңдаған көрерменнің басын қосқан бірнеше ірі мәдени іс-шарамен есте қалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Маусымның алғашқы ауқымды оқиғаларының бірі халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде өткен Beu Fest Almaty фестивалі болды. Биыл фестиваль өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтті. Сахнада Ninety One, Қайрат Нұртас, Shiza, Ulukmanapo, Мирбек Атабеков және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетті.

Жазғы маусымның жаңа жобасы ретінде «Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңында ашық аспан астында өткен ALMATY SUMMER FEST фестивалі ұйымдастырылды. Бұл бастама қала тұрғындарына музыка мен түрлі интерактивті бағдарламаларды ұсынды. Фестивальдің ашылу салтанатында Қайрат Нұртас, Луина, Айдана Меденова, ALFA тобы, Ұланғасыр Қами, Аман Ахмет, Arsenaleen, IGIGAI, Akbotiz және DJ Akhmetoff өнер көрсетті.

Жаңа жобаның басты ерекшелігі – оның Алматының Алатау ауданында өтуі. Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, бұл алаң аудан тұрғындарының ірі мәдени іс-шараларға жақын маңда қатысуына мүмкіндік беріп, отбасылық және жастар демалысының жаңа орталығына айналады. Жаз бойы әр сенбі сайын мұнда танымал артистер мен шығармашылық ұжымдардың Open Air форматындағы концерті ұйымдастырылады.

Жаздың жарқын оқиғаларының тағы бірі – этникалық және заманауи музыканы тоғыстырған қаланың ең ірі музыкалық фестивальдерінің бірі The Spirit of Tengri болды. Кештің арнайы қонағы ретінде аты аңызға айналған Enigma жобасының вокалисі Andru Donalds өнер көрсетті. Ашық аспан астындағы ерекше атмосферадағы концерт жаз басындағы ең есте қаларлық музыкалық оқиғалардың біріне айналды.

Алайда Алматыдағы фестивальдер маусымы енді ғана қарқын алып келеді. Жақын күндері қалада жылдың ең көп күтілетін халықаралық шоуларының бірі өтеді. Аңызға айналған Cirque du Soleil Қазақстанға өзінің OVO қойылымымен қайта оралады. Көрермендерді жәндіктер әлеміне саяхатқа жетелейтін әсерлі қойылым, таңғажайып акробатикалық өнер, жанды музыка мен ерекше костюмдер күтеді. Отбасылық аудиторияға арналған шоу маусымның басты мәдени оқиғаларының біріне айналмақ. Қойылымдар «Алматы Арена» кешенінде өтеді.

Айта кетерлігі, бүгінде Алматыдағы ірі мәдени іс-шаралар қаланың әртүрлі ауданында ұйымдастырылып келеді. Бұл фестивальдер мен концерттердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, жергілікті инфрақұрылымның дамуына және жаңа қоғамдық кеңістіктердің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар мазмұнды мәдени бағдарлама мегаполистің туристік тартымдылығын арттырып, Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелден келетін қонақтарды қызықтырып отыр.

Ауқымды фестивальдерді өткізу «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық бастамаларының мақсаттарына да сай келеді. Іс-шаралар барысында аумақтарды көркейтуге, қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл тұрғындар мен туристер үшін қолайлы қалалық орта қалыптастырып, Алматының заманауи, қауіпсіз әрі қонақжай қала ретіндегі беделін нығайта түседі.

Осылайша, Алматы өңірдің мәдени астанасы мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп, тұрғындар мен қонақтарға мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынып, жаз мезгілін жарқын әсерлердің, әсем музыканың және ауқымды шоулардың маусымына айналдырып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 17:34

Алматының туристік стенді Сеулдегі халықаралық көрмеде марапатқа ие болды

Бүгін 16:59

Алматыдағы The Spirit of Tengri фестиваліне 50 мыңға жуық көрермен жиналды

Бүгін 15:23

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Бүгін 15:14

Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Бүгін 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);