AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы The Spirit of Tengri фестиваліне 50 мың...

Алматыдағы The Spirit of Tengri фестиваліне 50 мыңға жуық көрермен жиналды

Алматы Бүгін 15:23 48 yakiya
Алматыдағы The Spirit of Tengri фестиваліне 50 мыңға жуық көрермен жиналды
Глеб Терлецкий

7 маусым күні Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Орталық Азиядағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі тағы да музыканттар, қолөнершілер, суретшілер мен ондаған мың көрерменді бір арнаға тоғыстырып, мәдени диалог пен шығармашылық тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, фестиваль өткен күні іс-шараға шамамен 50 мың адам келген. Қонақтар үшін концерттік алаң, Ethno Market қолөнершілер жәрмеңкесі, демалыс аймақтары, фудкорт, интерактивті және арт-кеңістіктер жұмыс істеді.

Биыл отандық өнерпаздарды қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Open Call ашық іріктеуінің жеңімпаздары — JU BAND, DUANA және NY-ZA топтары алғаш рет фестивальдің бас сахнасында өнер көрсетті. Жас музыканттар дәстүрлі қазақ әуендерін джаз, рок және world music бағыттарымен үйлестіре отырып, заманауи этникалық музыканың өзіндік тың үлгісін ұсынды.

Фестивальдің арнайы қонағы — аңызға айналған Enigma жобасының вокалисі Andru Donalds болды. Оның өнер көрсетуі кештің басты оқиғаларының біріне айналып, Абай алаңына жиналған түрлі жастағы көрерменнің басын қосты. Әншімен бірге сахнаға Қырғыз Республикасының «Манас» президенттік камералық оркестрі, қазақстандық әнші Нора Нұғман және Жәния Әубәкірованың авторлық мектебінің балалар хоры шықты.

Фестивальдің ажырамас бөлігіне айналған Ethno Market алаңында 40-тан астам қолөнерші мен шебер сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын, заманауи дизайн үлгілерін, тоқыма және керамика өнімдерін, ұлттық кәдесыйларды көпшілік назарына ұсынды. Фестиваль шағын және орта бизнестің дамуына да серпін беріп, кәсіпкерлерге, қызмет көрсету саласының өкілдеріне және креативті индустрия мамандарына қосымша мүмкіндіктер ұсынды.

Ал суретші LAILA ZHARKYN ұсынған «Мәңгілік проекциясы» атты арт-перформанс бағдарламаның ерекше мәдени жаңалығы болды. Қазақстанның көне петроглифтерінен шабыт алған жобаға фестиваль қонақтары да қатысып, мәдени мұра мен ұрпақтар сабақтастығына арналған ортақ көркем туындыны жасауға атсалысты.

The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанның ең танымал мәдени брендтерінің біріне айналды. Жоба оқиғалық туризмді дамытуға, жас өнерпаздарды қолдауға, ұлттық мәдениетті дәріптеуге және Алматының Орталық Азиядағы заманауи мәдени орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуға үлес қосып келеді.

2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! Best Experience Marketing Awards сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында бірінші орын алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Бүгін 15:14

Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Бүгін 15:09

Алматы полициясы көліктің жүксалғышынан бірнеше қару түрін тапты

Бүгін 15:01

Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Бүгін 12:59

Алматыда халықаралық New Vision Forum 2026 форумы өтеді

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);