Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дархан Сатыбалды субұрқақтарды қайта жаңғырту бары...

Дархан Сатыбалды субұрқақтарды қайта жаңғырту барысымен танысты

Әлеумет 08.10.2025, 18:18 461
Дархан Сатыбалды субұрқақтарды қайта жаңғырту барысымен танысты
Алматы қаласы әкімдігі

Дархан Сатыбалды субұрқақтарды қайта жаңғырту және жаңа қоғамдық кеңістіктерді көріктендіру барысымен танысты

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы абаттандыру және инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралады. Сапар барысында Республика алаңындағы субұрқақтарды жаңарту, Назарбаев даңғылының батысында орналасқан жаңа сквердің құрылысы және Луганский көшесіндегі жерасты газ құбырының қайта жаңғыртуы қаралды.

Субұрқақтарды жаңарту кезінде олардың тарихи келбеті сақталып, сәулетші Қ. Монтахаевтың 1979 жылы жасаған сәулеттік мұрасы қайта қалпына келтірілуде. Жоба аясында еуропалық өндірістегі заманауи сорғы және жарық жабдықтары, автоматтандырылған басқару жүйесі және сұйық хлор қолданбай суды тазарту жүйесі орнатылады.

Дархан Сатыбалды қайта жаңғырту жұмыстарының белгіленген мерзімде әрі сапалы, қауіпсіз орындалуға тиіс екенін атап өтті.

Әкім барған нысандардың бірі Назарбаев даңғылының батысында, Ганди көшесінің солтүстігінде салынып жатқан жаңа сквер. Сквердің жалпы аумағы 4,16 гектар, оның ішінде 28 658 шаршы метр көгалдандыру аймағы. Мұнда 245 жарық шамы, 77 орындық және 52 қоқыс жәшігі орнату көзделген.

Сапар соңында Дархан Сатыбалды орта қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңғырту барысымен танысты. Жұмысты «ТАПС» ЖШС компаниясы «QazaqGaz Aimaq» АҚ бірлесіп қолға алған. 

Жалпы ұзындығы 4 шақырым болатын құбырдың 1951 метрі төселді. Диаметрі 530 мм жаңа газ құбыры ескі 426 мм желіні алмастырады. Бұл қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі 9 мыңға жуық абонентті газбен қамтудың сенімділігін арттырады.

Әкім құрылыс қарқынын жеделдетіп, жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, бұл жұмыстар Алматы қаласының инженерлік және қоғамдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Барлық жоба қала пен аудан әкімдіктерінің тұрақты бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #субұрқақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі