AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Дархан Сатыбалды су басу мәселесін жедел шешуді жә...

Дархан Сатыбалды су басу мәселесін жедел шешуді және радиалды жолдарды кеңейтуді тапсырды

Алматы көшелері 19.09.2025, 10:26 693 Дина
Дархан Сатыбалды су басу мәселесін жедел шешуді және радиалды жолдарды кеңейтуді тапсырды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматы әкімі қаладағы су басу қаупі бар аумақтарды тексеріп, жұмыс мерзімі мен сапасына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында қаладағы су басу қаупі бар аумақтарды аралап, тұрғындарға ыңғайсыздық тудырып отырған жағдаймен танысты. Сапар қорытындысы бойынша жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдету жөнінде тапсырма берілді.

Сапар Бостандық ауданынан басталды. Мұнда Жәңгір хан көшесінде нөсер жауыннан кейін үнемі 1,2 метрге дейін су жиналады. Әкімнің айтуынша, бұл еңісте орналасқан жер, бұрын өзен арнасы болған. Мамандардың айтуынша, мәселенің шешімі сағатына 400 текше метр су айдайтын кәріз сорғы станциясын салу. 

Бұдан кейін қала басшысы әл-Фараби даңғылы бойындағы жағдайды көрді. Былтырғы нөсер жауын бұл аймақта да үлкен зардап әкелген еді. Қазір бұл бағытта жоба дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Онда Қаппаров көшесінде арық жүйесін салу, ал Үшкемпіров көшесінде екі ірі су қабылдағыш орнату қарастырылған. Дархан Сатыбалды жобалаушылардың қабылдайтын шешімдерінің сапасына жауап беретінін және қателікке жол берілмейтінін қадап айтты.

Қабанбай батыр көшесінде де су бұру жүйесінің олқылығы анықталды. Арық өткелі опырылып, жауын кезінде су тасып, жолға шығып кетеді. Әкім мұнда үлкен диаметрлі темірбетон құбырларын орнатып, жұмысты созбалаңға салмай бітіруді тапсырды.


 
Медеу ауданында Дархан Сатыбалды Шығыс айналма жолы – Халиуллин – Таиров – Шақшақ Жәнібек көшелерінің аумағындағы су құбыры және кәріз жүйесін салумен танысты. Мұнда мердігер ұйым жолға түсетін салмақты азайту үшін жерді тесу әдісін қолданып жатыр. Қала басшысы негізгі жұмыстарды түнде – көлік қозғалысы азайған кезде істеуді тапсырды.

Сапардың соңында әкім көлік жүйесін дамытуда жүйелі көзқарастың қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, алдағы уақытта қаланың жоғарғы бөлігінен әл-Фараби даңғылына шығатын радиалды жолдарды кеңейту мүмкіндігі қаралады. «Техникалық мүмкіндік бар жерде жолды екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейтіп, орталық көшелердің жүктемесін азайтамыз», – деді әкім. 

Қорытындылай келе, Дархан Сатыбалды қауіпті аумақтарда жобалау құжаттарын жедел дайындап, су бұру жүйесін сапалы жаңғыртуды, мерзімнің қатаң сақталуын және жұмыс барысында қала тұрғындарына мүмкіндігінше қолайсыздық туғызбауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды #Алматы әкімі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);