Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дархан Біләлов Түркияның Қазақстандағы Бас консул...

Дархан Біләлов Түркияның Қазақстандағы Бас консулымен кездесті

Әлеумет 22.10.2021, 06:40 1,623
Дархан Біләлов  Түркияның Қазақстандағы Бас консулымен кездесті
almaty-akshamy.kz

2021 жылғы 21 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Дархан Біләлов Қазақстандағы Түркия Республикасының Бас консулы Али Рыза Ақынджымен кездесті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Кездесуге Қазақстандағы Түркия Республикасы Бас консулдығының білім беру жөніндегі атташесі Махмут Агырман және Абай университетінің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева қатысты.


Кездесу барысында ректор Дархан Біләлов Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түрік университеттерімен ынтымақтастығы жайында, қандай бағыттарда бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы қысқаша ақпарат беріп, Абай университеті жоғары оқу орындары арасындағы екіжақты халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға баса көңіл бөлетінін және барлық түрік жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды жоспарлы түрде кеңейтуге дайын екенін атап өтті.



Али Рыза Ақынджы Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ-мен түрік университеттерінің бірлескен жұмысын жалғастыруда Түркия Республикасының Бас консулдығынан толық қолдау көрсететіндігін атап өтті.


Кездесу соңында Али Рыза Ақынджы Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері мен студенттерін Алматы қаласында өтетін түрік фильмдер фестиваліне шақырды. Тараптар алдағы жемісті жұмыстардың жүзеге асатынына сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ректор #Қазақстан #Түркия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика