Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дәретханада ұйықтап жатқан балалар: Ақтаудағы отба...

Дәретханада ұйықтап жатқан балалар: Ақтаудағы отбасы туралы адамшошырлық дерек айтылды

Әлеумет 05.08.2025, 14:28 641
Дәретханада ұйықтап жатқан балалар: Ақтаудағы отбасы туралы адамшошырлық дерек айтылды
Lada.kz

Ақтауда қоғамдық әжетханада лас еденде ұйықтап жатқан балалардың суреті жарияланғаннан кейін, әкімдік өкілдері отбасына барып тексеріс жүргізді. Балалардың анасы жағдайды жақсартпаса, оларды мемлекет қарауына алу мәселесі қаралуы мүмкін, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі 4 тамызда мамандар оқиға орнына барып, суреттегі отбасының кейінгі бірнеше жыл бойы мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар аясында көмек алып келе жатқанын анықтаған.

"Балалардың анасы - жалғызбасты. Бұған дейін ол жетім ретінде кезекпен тұрғын үй алған. Отбасы атаулы әлеуметтік көмек те алып отыр. Балалардың әжесі дәл осы қоғамдық әжетханада кассир болып ресми жұмыс істейді. Анасы бірнеше күн бұрын балаларды әжесіне қалдырып кеткені белгілі болды", – деді әкімдік өкілдері.

Мамандар балалардың анасы тіркеуде тұрған үйге де барған. Онда антисанитария, есіктер сынған. Тексеру кезінде балалар әпкесінің үйінде болған. Айта кетейік, әпкесі де жетім ретінде мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алған.

"Қамқоршылық және қорғаншылық органдары отбасыға тексеру жүргізіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Балалардың анасы ресми түрде балалардың күтімі мен тәртібіне жауапкершілік алуға дайын екенін мәлімдеді. Қазір балалар анасының уақытша бақылауында, бұл шешім апта аяғына дейін жарамды", – делінген жергілікті атқарушы органның хабарламасында.

Әзірге балалар әпкесінің үйінде. Ал анасына жағдайды бір апта ішінде реттеу міндеттелді. Егер сол уақыт ішінде мәселе шешілмесе, балаларды алу мәселесі қаралатын болады.

"Мемлекет отбасыға барлық қажет көмекті көрсетіп отыр: баспана берілген, әлеуметтік төлемдер тағайындалған, негізгі қызметтерге қолжетімділік қамтамасыз етілген. Алайда ұсынылған ресурстарға қарамастан, бұл отбасы мүшелерінің кейбірі әлі де қоғамға жат өмір салтын ұстанып келеді, бұл балалардың әл-ауқатына теріс әсер етіп отыр", – деп қорытындылады әкімдік.

Еске салайық, бұған дейін 15-шағынаудандағы жағалауда орналасқан қоғамдық әжетханаға барған тұрғындар сұмдық көрініске куә болған: еденде балалар ұйықтап жатқан, ал кассир әйел мас күйде отырған. Бұл жағдай қоғамда резонанс туғызғаннан кейін тексеріс басталып, кассир жұмысынан қуылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтау #дәретхана #Мас #жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика