Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / DA MUSIQ ORCHESTRA: Жас музканттар Ханс Циммер ш...

DA MUSIQ ORCHESTRA: Жас музканттар Ханс Циммер шығармаларынан концерт берді

Мәдени Алматы 12.03.2025, 16:07 765
DA MUSIQ ORCHESTRA:   Жас музканттар Ханс Циммер шығармаларынан концерт берді
Фото: Қ.Қонысбаев

Алматыда жас музыканттардан құралған DA Musiq Orchestra әлемге әйгілі композитор Ханс Циммердің шығармаларынан ерекше концерт ұйымдастырды. Әйгілі фильмдердің саундтректерін тыңдау кеш қонақтарына терең әсер беріп, өнерпаздардың жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігіне куә болды.

Алматыны сазды әуенмен тербеген кеш Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жанындағы Күләш Байсейітова атындағы мамандандырылған музыкалық мектепте өтті. Концерт барысында Ханс Циммердің 12 туындысы тарту етілді.

Жас таланттардан құралған ерекше оркестр

DA Musiq Orchestra жетекшісі әрі негізін қалаушы Дамиани Мырзағалиев не үшін бұл туындылар таңдалғаны туралы түсіндірді. «Бұл фильмдердің көрермендері әлі де көп, олардың есінде бұл саундтректері мәңгіге сақталып қалған. Тыңдармандар концерт кезінде сүйікті фильмдерінің атмосферасына қайта оралып, ерекше әсер алады. Сондықтан біз де Ханс Циммер шығармаларын таңдадық. Бұл кеште көрермендер “Интерстеллар” фильміне жазылған танымал композицияны тыңдай алды. Сонымен қатар, концерт бағдарламасындағы кейбір музыкалық шығармаларға өзім өңдеу жасадым”, – Дамиани Мырзағалиев.

Жас таланттардан құралған ерекше оркестр DA Musiq Orchestra – әртүрлі жастағы жас музыканттарды біріктірген ерекше симфониялық және хор ұжымы. Оркестр құрамында 5-сынып оқушыларынан бастап, консерваторияның 1-курс студенттеріне дейінгі өнерпаздар бар. Бұл – олардың аталмыш мектеп қабырғасында өткізген екінші концерті.

Көрерменнің ыстық ықыласы

DA Musiq Orchestra-ның кезекті концертіне жиналған жұршылық залды толтырды. Кеш қонақтарының қатарында TAN Consulting агенттігінің жетекшісі Аида Досаева, “Алатау Ақпарат” медиа холдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы, Halyk Bank-тың PR-қызметінің басшысы Гүлмира Арбабаева, Stan.kz ақпарат агенттігінің даму жөніндегі директоры Шыңғыс Мәдібек, Interact Club Rotary International волонтерлік ұйымының жоба менеджері Дулат Данияр да болды.

Кеш қонақтары жан тебрентерлік әсем музыкадан әсерлерін жасыра алмады. «Бірақ бүгінгі кештің жөні бөлек.  Біз осындай жас таланттардың өсіп келе жатқанын көріп, қуанып отырмыз. Концерт барысында тебірендік, толқыдық, көзімізге жас келді. Орындаушылардың кәсібилігі таңғалдырды”, – дейді Ержан Қалымбайұлы.

Әлемге кең танымал өнер туындыларынан берілген концерт жас өнерпаздардың кәсіби деңгейінің аса жоғары екенін толық танытты. DA Musiq Orchestra болашақта жаңа концерттер ұйымдастырып, тыңдармандарын әсерлі әуендерімен қуанта бермек.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#DA Musiq Orchestra #өнер #музыканттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика