AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Cтуденттер су тасқынынан зардап шеккендерге баспан...

Cтуденттер су тасқынынан зардап шеккендерге баспана салуға көмектеседі

Әлеумет 23.05.2024, 20:35 866
Cтуденттер су тасқынынан зардап шеккендерге баспана салуға көмектеседі
almaty-akshamy.kz

Бұл - «Ауыл» ХДПП бастамасымен қолға алынып отыр.

Ол үшін өңірде студенттік құрылыс жасақтары құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан баспаналар құрылысына «Ауыл» жастары көмектеседі.

Ел аумағында болған су тасқыны зардаптарын жою үшін Жастар студенттік құрылыс жасақтарын қайта жандандырып, зардап шеккендерге нақты көмек көрсету жайында «Ауыл» партиясы Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Серік Егізбаев Үндеу жасаған болатын. Аталған үндеуге бірінші болып «Ауыл» партиясының Жастар қанаты үн қосты. Солтүстік Қазақстан облысында студент жастар отрядын жасақталды.

«Ауыл жастары» құрылыс жасағының құрамында 40 жас бар. Тағы 40 студент резервте тұр. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының Солнечный-2 кентінде тасқыннан зардап шеккендерге арналып 500-ден астам баспана салынып жатыр. Жастар құрылыс жасағы сол жерде су шайған үйлерді қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына жұмылдырылады.

«Бұл үлкен қоғамдық әлеуметтік маңызы бар жоба. Бір  жағынан, жастар жасағы зардап шеккен отандастарға су тасқыны зардаптарын жоюға көмектессе, екінші жағынан, студент жастардың жазғы демалыс кезінде еңбекке араласып, табыс табуына мүмкіндік береді. Басқа өңірлерде де жұмысты жалғастырамыз. Мәселен Қарағанды жастары басқа облыстарға барып, көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді», - дейді Серік Егізбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Петропавл #су тасқыны #баспана #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика