Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Coursera есебі: Қазақстан – цифрлық білім мен ЖИ с...

Coursera есебі: Қазақстан – цифрлық білім мен ЖИ саласында Орталық Азиядағы көшбасшы

Әлеумет 09.06.2025, 16:55 540
Coursera есебі: Қазақстан – цифрлық білім мен ЖИ саласында Орталық Азиядағы көшбасшы
Сурет: Gov.kz

Coursera-ның 2025 жылға арналған Жаһандық дағдылар жөніндегі есебі (Global Skills Report 2025) жарияланды

Бұл 109 елден 170 миллионнан астам пайдаланушының деректеріне негізделген цифрлық және кәсіби дағдылар бойынша жыл сайынғы ғаламдық шолу, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Жаһандық дағдылар рейтингінде 37-орынға және Жасанды интеллектінің жетілу индексі (AI Maturity Index) бойынша 51-орынға ие болып, кадрлар даярлау саласында бәсекеге қабілетті елдер қатарындағы орнының тұрақтылығын растады. 

Елде ең сұранысқа ие бағыттарға қызығушылықтың айтарлықтай артқаны байқалады: генеративті ЖИ курстарына тіркелу 383 пайызға, киберқауіпсіздік курстарына қызығушылық 80 пайызға, сыни ойлау курстарына қызығушылық 43 пайызға, кәсіби сертификаттарды алу 50 пайызға артқан. Қазақстан цифрлық инклюзия деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді: білім алушылардың 56 пайызын әйелдер құрайды, ал 62 пайызы оқуды мобильді құрылғылар арқылы алып жатыр. Бұл оқытудың тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді екенін көрсетеді.

Мұндай нәтижелерге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі үйлестіретін Coursera Qazaqstan ұлттық бастамасын іске асыру арқылы қол жеткізілді. Айталық, Coursera жобасына 2023 жылы еліміздің 25 жоғары оқу орны, 2024 жылы 93 жоғары оқу орны қатысса, 2025 жылы 95 жоғары оқу орны қатысты. Студенттерге әлемнің жетекші университеттері мен компанияларының 14 000-нан астам курсы қолжетімді болды. Министрліктен берілген лицензиялар аясында үш жылда платформа арқылы 167 372 студент оқудан өтті, 288 347 сертификат берілді. 2025 жылы AI Sana жобасы аясында жасанды интеллект бойынша жеке трек іске қосылып, оның шеңберінде 47 399 сертификат табысталды. Бұл деректер онлайн оқытудың және микроқұзыреттердің жаңа экономика кадрларын даярлаудағы, сондай-ақ Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін орнықты дамытудағы стратегиялық маңызын дәлелдейді.

Айта кетейік, есепте білім алушылардың мінез-құлық деректері мен макроэкономикалық көрсеткіштерді біріктіретін жаңа 3.0 әдістемесі қолданылған. Бұл көрсеткіштерге адами капитал индексі, еңбек нарығына қатысу деңгейі, жан басына шаққандағы ЖІӨ және Жаһандық инновациялық индексі жатады. Сонымен қатар Coursera деректері мен Халықаралық валюта қоры, ЭЫДҰ сияқты халықаралық дереккөздер негізінде елдердің жасанды интеллектіні енгізуге дайындығын бағалайтын AI Maturity Index алғаш рет ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Coursera #цифрлық және кәсіби дағдылар #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика