Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Coldplay концертінде вирустай тарап кеткен видеоны...

Coldplay концертінде вирустай тарап кеткен видеоны түсірген әйел қанша табыс тапты?

Әлем 23.07.2025, 16:41 703
Coldplay концертінде вирустай тарап кеткен видеоны түсірген әйел қанша табыс тапты?
Сурет: видеодан скрин, unilad.com

Coldplay концертінде бас директор мен әріптесінің видеосын түсірген әйел одан қандай табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz UNILAD.com сайтына сілтеме жасап.

Astronomer компаниясының бас директоры Энди Байрон мен оның әріптесі Кристин Кэботтың Coldplay концерті кезінде құшақтасып тұрған сәтін видеоға түсіріп алған Грейс Спрингер бұл роликтен ешқандай табыс таппағанын мәлімдеді.

Ол бұл туралы This Morning бағдарламасына қатысып, жүргізушілер Дермот О’Лири мен Элисон Хаммондқа берген сұхбатында айтты.

 «Мен бұл видеодан да, оның қаралымдарынан да ақша таппадым. Себебі ол монетизацияға қосылмаған», – деді ол.

Оқиға Фоксборо қаласындағы Gillette стадионында Coldplay тобының концерті кезінде болған. Бұл сәт 50 мың көрерменнің көз алдында экранға шыққан. Құшақтасу желіде үлкен талқыға түсіп, даулы мәселеге  айналды. Себебі Энди Байрон басқа әйелге – Меган Керриган Байронға үйленген.

 Coldplay тобының вокалисі Крис Мартин бұл жағдайға әзілмен:

«Бұлар не ғашық, не өте ұялшақ адамдар», – деп сипаттады.

 

Грейс Спрингер бастапқыда экраннан өзін көргісі келгенін мойындады:

«Мен тек сол сәтті түсіріп жатқан едім. Ол кезде аса мән бермедім, бірақ кейін бәрі осы видеоны талқылап жатқанын аңғардым», – деді ол.

Кейін видеоны достарымен қайта көргенде, бұл көрініс сырт көзге күмән тудыратынын түсінген. Журналистер қойған «Өкінесіз бе?» деген сұраққа ол Байронның әйелі мен отбасына жанашырлықпен қарайтынын, бірақ:

«Мұны тек мен ғана түсірген жоқпын. Мен түсірмесем, басқа біреу түсірер еді», – деп жауап берді.

Желіде жарияланған видеодан кейін,  Astronomer компаниясы ішкі тексеру жүргізіп, екі қызметкер де жұмыстан уақытша шеттетілді. Кейін Энди Байрон отставкаға кетті. Компания мәлімдемесінде ұйым басшылығының жоғары этикалық стандарттарға сай жұмыс істеуі міндет екені айтылған. СЕО компаниясының уақытша бас директор қызметін компанияның негізін қалаушылардың бірі – Пит ДеДжой атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Coldplay #вирусты видео #желі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика