Алматылық "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне жолдама алып, әлемдік аренадағы үздік клубтармен текетіреспек. Қазақстандықтарды дүр сілкіндірген тарихи оқиға жұрттын жанарып жаулап, ел назарын өзіне бұрды. Жақында алматылық футбол клубының қарсыластары анықталып, матч күндері жарияланған еді. "Қайраттың" қарсыластары жайлы не белгілі? Аqshamnews.kz тілшісі анықтады.
"Қайрат" ФК кіммен ойнайды?
28 тамызда Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде алматылық "Қайраттың" қарсыластары анықталды. Біздің клуб өз алаңында "Реал Мадрид", "Брюгге", "Олимпиакос" және "Пафосты" қарсы алса, сырт алаңда "Интер", "Арсенал", "Спортинг" және "Копенгагенге" қонаққа барады.
30 тамызда матчтардың толық кестесі жарияланды:
-
19 қыркүйек, 00:00 — "Спортинг" – "Қайрат"
-
30 қыркүйек, 21:45 — "Қайрат" – "Реал"
-
21 қазан, 21:45 — "Қайрат" – "Пафос"
-
6 қараша, 01:00 — "Интер" – "Қайрат"
-
26 қараша, 22:45 — "Копенгаген" – "Қайрат"
-
9 желтоқсан, 20:30 — "Қайрат" – "Олимпиакос"
-
20 қаңтар, 20:30 — "Қайрат" – "Брюгге"
-
29 қаңтар, 01:00 — "Арсенал" – "Қайрат"
Жанкүйерлер кесте жарияланғаннан кейін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы ойынды тағатсыздана күтіп отыр. Әйгілі испандық клуб Алматыға келеді.
Қарсылас клубтардың стадиондары қандай?
Real Madrid — Estadio Santiago Bernabéu (Мадрид, Испания)
-
түрі: футбол стадионы, жабылмалы төбесі бар.
-
сыйымдылығы: шамамен 83 186 орын (2024 жылғы реконструкциядан кейін).
-
құны: шамамен €1,3–1,8 млрд жұмсалған.
Бұл клуб 1902 жылы құрылған. Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы. Әлемдік футбол аңыздары – Ди Стефано, Зидан, Криштиану Роналду осы клубта ойнаған. Қазіргі жұлдыздары қатарында Винисиус Жуниор мен Джуд Беллингем бар.
Club Brugge — Jan Breydel Stadium (Брюгге, Бельгия)
-
түрі: көпмақсатты стадион
-
сыйымдылығы: 29 042 орын
Club Brugge – 1891 жылы құрылған. Бельгияның 19 дүркін чемпионы. Чемпиондар лигасын жеңбесе де, бірнеше мәрте финалға жеткен.
Olympiacos — Georgios Karaiskakis Stadium (Пирей, Греция)
-
түрі: футбол стадионы.
-
сыйымдылығы: шамамен 33 334–33 449 орын
-
құны: 2004 жылғы қайта құру жұмыстарына €60 млн жұмсалған
1925 жылы құрылған Olympiacos 47 мәрте чемпион атанған Грекиядағы ең титулды клуб. Чемпиондар лигасын ұтпаған, бірақ топтық кезеңнің тұрақты қатысушысы.
Pafos FC — Stelios Kyriakides Stadium (Пафос, Кипр)
-
түрі: көпмақсатты, ішінде жүгіру жолдары бар
-
сыйымдылығы: шамамен 8 500–9 394 орын.
Pafos FC – 2014 жылы құрылған жас клуб. Әзірге халықаралық жетістігі жоқ, бірақ Кипр футболында дамып келе жатқан командалардың бірі.
Inter Milan — San Siro (Милан, Италия)
-
түрі: Италиядағы ең үлкен футбол ареналарының бірі.
-
сыйымдылығы: 75 817 орын
-
құны: жаңа стадион жобасы €1,25 млрд болуы мүмкін; ал стадионның жері €197 млн бағаланған
Inter Milan - 1908 жылы құрылып, Чемпиондар лигасын үш рет жеңіп алған. Кейінгі рет 2010 жылы жеңді. Жаңа буын жұлдыздары мен тарихи ойыншылары: Джузеппе Меацца, Хавьер Дзанетти.
Arsenal — Emirates Stadium (Лондон, Англия)
-
түрі: футбол стадионы.
-
сыйымдылығы: 60 704 орын.
-
құны: кеңейту жобасы £500 млн-нан жоғары болуы мүмкін
Әйгілі ағылшын клубы 1886 жылы құрылды. Англияның 13 дүркін чемпионы атанған Arsenal әлі күнге дейін Чемпиондар лигасының басты трофейін әлі иеленбеді. Тьерри Анри, Деннис Бергкамп секілді аңыздар осы клубтан шыққан.
Sporting CP — Estádio José Alvalade (Лиссабон, Португалия)
-
түрі: футбол стадионы.
-
сыйымдылығы: бастапқыда 50 095 орын, соңғы реконструкциядан кейін 52 095 орын.
-
құны: 2003 жылы шамамен £150 млн жұмсалған
Ал Sporting CP ел чемпионы атағын 19 мәрте иеленген клуб. Әлемдік жұлдыз Криштиану Роналду футболдағы алғашқы қадамын осы клубтан бастаған.
FC Copenhagen — Parken Stadium (Копенгаген, Дания)
-
түрі: футбол стадионы, жабылмалы төбесі бар.
-
сыйымдылығы: футболға 38 065–38 190 орын, концерттерге дейін 55 000 орынға дейін кеңейеді.
-
құны: реконструкция 640 млн DKK, ал 1998 жылы клубқа 138 млн DKK-ға сатылған
FC Copenhagen – 1992 жылы құрылған. Данияның ең табысты клубы, ел чемпионы атағын 15 рет иеленген. Чемпиондар лигасында бірнеше мәрте плей-офф кезеңіне шыққан.
"Қайрат" - "Реал" матчынан не күтеміз?
30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында "Қайрат" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Еуропаның ең атақты клубы – мадридтік "Реалды" қабылдайды. Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, қала мұндай ауқымды шараға дайын: инфрақұрылым талаптарға сай, ал матчқа 4–5 мың туристің келуі күтіліп отыр. Министрдің сөзінше, мұндай оқиғалар еліміздің имиджін көтеріп, футболдың әрі қарай дамуына серпін береді.
Дегенмен, билеттер төңірегінде қызу талқылау жүріп жатыр. Әлі сатылымға шықпағанына қарамастан, жанкүйерлер орын жетпей қалады деп алаңдап отыр. Белсенді фанаттар алыпсатарлардың алдын алу үшін петиция жариялап, бір ЖСН-ге екі билеттен ғана сату, қайта сатып алуды шектеу сияқты талаптар қойған. Қазірдің өзінде құжатқа 400-ден астам адам қол қойған.
Испандық журналист Давид Руистің мәліметінше, "Реал Мадрид" Алматыға негізгі құрамымен келеді. Сондықтан жанкүйерлер асыға күткен бұл кездесу нағыз тарихи оқиғаға айналатыны анық.