Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Былтыр елімізге 41,2 млрд АҚШ долларына тауар әкел...

Былтыр елімізге 41,2 млрд АҚШ долларына тауар әкелінген

Әлеумет 29.03.2022, 07:51 1,091
Былтыр елімізге 41,2 млрд АҚШ долларына тауар әкелінген
Сурет: Google.kz

Тауардың тұтыну қауіпсіздігіне қойылатын арнайы техникалық реттеу жүйесі бар.


2021 жылы Қазақстанға 41,2 млрд АҚШ долларына тауар әкелінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Өткен жылы елімізге 41,2 млрд АҚШ долларының тауары жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қуаныш Елікбаев айтты.



«Қазақстан көптеген елмен сыртқы сауда ықпалдастығын жүзеге асырып келеді. Мәселен, өткен жылы елімізге 41,2 млрд АҚШ долларының тауары әкелінді. Тауарға қойылатын басты талаптың бірі – ол қауіпсіз болуы тиіс. Біздің міндет - тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тауардың тұтыну қауіпсіздігіне қойылатын арнайы техникалық реттеу жүйесі бар. Бүгінде олар 60-қа жуық техникалық регламентпен бекітілген», - деді Қуаныш Елікбаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, елімізге жеткізілетін тамақ өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, автомобиль және басқа да тауарлар техникалық регламент бойынша қабылданады.



«Техникалық регламент бойынша тауар өндірушілер мен жеткізушілерге міндетті талаптар қойылады. Олар тауардың талапқа сәйкес келетіндігін растауы керек. Содан соң тауарды Қазақстан аумағында сатуға, қолдануға сертификат беріледі. Бүгінде елімізде 400-ден астам сынақ зертханасы жұмыс істейді. Сонымен қатар 90-ға жуық тауарды сертификаттау органы бар. Осы орайда айта кететін жайт, талап қоюмен және сертификат берумен жұмыс бітпейді. Аталған талаптардың орындалуын бақылау қажет. Осы орайда біздің комитет жаңа заң әзірледі, ол өткен жылдың шілдесінде күшіне енді. Заңда елге келген өнім мен тауарды қалай бақылау керектігі нақты көрсетілген», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тауар #интеграция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика