AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Жетісу ауданында радикалды ағымдардың ық...

Алматының Жетісу ауданында радикалды ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді

Алматы Бүгін 11:36 26
Алматының Жетісу ауданында радикалды ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді

Алматы қаласының Жетісу ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға, деструктивті ағымдардың белгілерін таныстыруға және олардың ықпалына түсудің алдын алуға бағытталды.

Кездесуде дінтанушы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының және Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сарапшысы Динара Өтебаева дәріс оқыды.

Маман деструктивті діни ағымдардың адамдарға әсер ету тәсілдеріне тоқталды. Оның айтуынша, мұндай топтар азаматтардың сеніміне кіру үшін психологиялық қысым көрсету, діни түсініктерді бұрмалау және түрлі манипуляциялық әдістерді қолдануы мүмкін.

Кездесу барысында радикалды идеологияның адамның дүниетанымына, мінез-құлқына және әлеуметтік ортасымен қарым-қатынасына тигізетін ықтимал әсері талқыланды. Қатысушыларға деструктивті ағымдарға тартылудың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына төндіретін қауіптері түсіндірілді.

Динара Өтебаева діни сауаттылықтың мұндай ықпалдан қорғанудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, адам ақпаратты өз бетінше талдап, күмәнді мәліметтерге сыни көзқараспен қарай алуы керек.

Сондай-ақ Қазақстанда экстремизмнің алдын алу мақсатында жүзеге асырылып жатқан профилактикалық шаралар мен оңалту бағдарламалары туралы мәлімет берілді.

Кездесу ашық диалог түрінде ұйымдастырылды. Қатысушылар дінтанушыға діни қауіпсіздік, радикалды идеологияның таралуы және оның алдын алу жолдары туралы сұрақтарын қойды.

Іс-шара соңында зайырлы қоғам құндылықтарын нығайту, діни сауаттылықты арттыру және тұрғындарды деструктивті ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелері талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#радикалды ағымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы №184 мектепте 250-ге жуық оқушыға экстремизмнің қаупі түсіндірілді

Бүгін 11:34

Алматыдағы ХҚКО қызметкерлеріне радикалды идеологиядан қорғану жолдары түсіндірілді

Бүгін 11:32

Алматыдағы мешітте радикалды діни насихаттан сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгін 11:29

Алматы-1 вокзалы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Бүгін 11:27

Қазақстанның цифрлық болашағы: Президент жолдауы қандай мүмкіндікке жол ашады?

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);