AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы ХҚКО қызметкерлеріне радикалды идеологи...

Алматыдағы ХҚКО қызметкерлеріне радикалды идеологиядан қорғану жолдары түсіндірілді

Алматы Бүгін 11:32 30
Алматыдағы ХҚКО қызметкерлеріне радикалды идеологиядан қорғану жолдары түсіндірілді

Алматы қаласының Әуезов ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қалалық филиалының аудандық бөлімінде ұйымдастырылып, оған мекеме қызметкерлері мен қызмет алушылар қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың діни және ақпараттық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде таралатын радикалды идеялардың ықпалынан сақтандыру.

Қатысушылар алдында Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, дінтану магистрі Мейманхожа Нұрмұхаммед Рысбайұлы сөз сөйледі.

Маман азаматтарды деструктивті діни ағымдарға тартудың кең таралған тәсілдері туралы айтып, әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпаратты сыни тұрғыдан бағалаудың маңызын түсіндірді.

Дәріс барысында интернеттегі діни мазмұндағы жалған мәліметтердің қаупіне назар аударылды. Қатысушыларға күмәнді ақпарат көздерін ажырата білу, тексерілмеген хабарламаларға сенбеу және радикалды насихаттың ықпалына түспеу жөнінде кеңестер берілді.

Сондай-ақ кездесуде діни сауаттылықтың қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы рөлі қарастырылды. Мамандар азаматтардың ақпаратты дұрыс қабылдауы мен талдай білуі экстремистік идеялардың таралуын болдырмауға ықпал ететінін атап өтті.

Қатысушылар дінтанушыға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, интернеттегі күмәнді материалдарды анықтау және деструктивті ағымдардан қорғану жолдары туралы сұрақтар қойды.

Іс-шара соңында тұрғындарға радикалды идеологияның белгілері мен күмәнді діни ақпаратқа тап болған жағдайда әрекет ету жолдары жазылған ақпараттық материалдар таратылды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға және қоғамда экстремистік идеологияның таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терроризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында радикалды ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгін 11:36

Алматыдағы №184 мектепте 250-ге жуық оқушыға экстремизмнің қаупі түсіндірілді

Бүгін 11:34

Алматыдағы мешітте радикалды діни насихаттан сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгін 11:29

Алматы-1 вокзалы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Бүгін 11:27

Қазақстанның цифрлық болашағы: Президент жолдауы қандай мүмкіндікке жол ашады?

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);