AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Былтыр еліміздегі әрбір алты ломбардтың бірі шығын...

Былтыр еліміздегі әрбір алты ломбардтың бірі шығынға ұшырады

Әлеумет 02.02.2022, 08:14 1,486
Былтыр еліміздегі әрбір алты ломбардтың бірі шығынға ұшырады
Сурет: КазТАГ

Ал, биылғы қаңтар оқиғасының қорытындысы бойынша, тек Алматыдағы ломбардтардың алдын ала шығыны 2,9 млрд теңгені құрапты.


Қаңтар оқиғасының салдарынан еліміздің ломбардтары қатты зардап шекті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметінше, 2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасында 602 ломбард тіркелген.


Саладағы меншікті капиталдың жалпы көлемі жартыжылдықтың қорытындысымен салыстырғанда 36,4%-ға немесе 40,2 млрд теңгеге артып, 150,5 млрд теңгені құрады.


2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында кірістің жалпы сомасы 25,6 млрд теңгені құрады (2021 жылдың қаңтар-маусымының қорытындысымен салыстырғанда плюс 42,6% немесе плюс 7,6 млрд теңге).



Қаңтар оқиғасының салдарынан еліміздің ломбардтары қатты зардап шекті. Негізгі шығын Алматының үлесіне тиді. Мәселен, Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 14 қаңтарындағы жағдай бойынша, қала ломбардтарына келтірілген шығын шамамен 2,9 млрд теңгені құрады. Ең көп зардап шеккен Алмалы ауданындағы ломбардтар (35 ломбард, залал – 2,6 млрд. теңге). Әуезов ауданында 11 ломбард талқандалды.




Қазақстан Республикасындағы барлық 602 ломбардтың 469-ы ғана 2021 жылдың алғашқы үш тоқсанында табысын көрсетті. Бөлінбеген табыстың ең төменгі мөлшері 2 мың теңгені құрады.


Табыс көлемі бойынша алғашқы ондықта M-Lombard (6,1 млрд теңге) көш бастап тұр, одан кейін MK-Lombard (3,8 млрд теңге) және Astra-Lombard (2,7 млрд теңге) келеді. 1 млрд теңгеден астам пайданы «МК-Золото Ломбард» (1,7 млрд теңге) және Safe Lombard (1,4 млрд теңге) компаниялары да алды.



Сонымен бірге 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 102 ломбард жабылмаған шығынын көрсетті. Ең көп шығын "Авто ақша" ломбардында (332,2 млн. теңге), одан кейін Tez Lombard (69,6 млн. теңге) және Lombard Three A (24,1 млн. теңге) болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ломбард #шығын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);