AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Былтыр 27 мыңға жуық мүгедектігі бар адам жұмыспен...

Былтыр 27 мыңға жуық мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Әлеумет 07.02.2022, 05:52 1,609
Былтыр 27 мыңға жуық мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды
Сурет: Pronedra.ru

2021 жылы жұмыспен қамтуды қолдаудың түрлі шараларымен 26,9 мың мүгедектігі бар адам қамтылды, олардың 21,1 мыңы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды, ал 5,8 мыңы жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылы 104 мың мүгедектігі бар адам (24,8%) жұмыспен қамтылған.


2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 696,8 мың мүгедектігі бар адам немесе халықтың жалпы санының 7,5%-ы тұрады, олардың 419 мыңы – еңбекке қабілетті жаста.


«Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс істейтіндердің жалпы санының (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болғанда) 2-ден 4%-ға дейінгі мөлшерде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілейді.


2021 жылдың қорытындысы бойынша квота шеңберінде барлығы 5,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды. Бұдан басқа, өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 21,1 мың мүгедектігі бар адам қатысты. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 9,3 мың адам және уақытша жұмысқа 8,6 мың адам орналастырылды.


Қысқамерзімді кәсіптік оқытумен – 563 адам, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен – 1,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 325-і бизнес жобаларын қорғап, гранттар, 46-сы микрокредиттер алды.


Сонымен қатар, 460 адам микрокредит, 1,1 мың адам грант алды.


«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың басқа да осал топтарымен қатар мүгедектігі бар адамдардың басым тәртіппен көрсетілетін қызметтерді алуға құқығы болды.


2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жалғасатын болады.


Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. 2021 жылы жалпы сомасы 122 млн теңгеге 90 арнайы жұмыс орны ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мүгедектігі бар адамдар #жұмыспен қамту #мемлекеттік бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика