AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлерді...

БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

Әлеумет 03.02.2026, 10:26 281 dulatbekova
БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Сапарды ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды.

Сапар барысында миссия қолбасшылығымен кездесу өтіп, оның шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау мандатын іске асыру мәселелері, өңірдегі ахуал мен қазақстандық контингенттің қызметі талқыланды.

Миссия басшысы және БҰҰ бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштерінің қолбасшысы генерал-майор Анита Асма қазақстандық бітімгерлердің қойылған міндеттерді сапалы орындағаны үшін алғысын білдіріп, олардың іс-қимылын, кәсібилігін, тәртібі мен үйлесімді әрекетін жоғары бағалады.

Қазақстандық ұлттық контингент жедел әрекет ету бөлімшесінің функцияларын орындап, мобильді патрульдеуді жүзеге асырады, жедел әрекет ету топтарының дайындығын, медициналық эвакуациялауды және инженер-саперлердің ілесіп жүруін қамтамасыз етеді. Одан басқа бақылау бекеттерінде де міндеттер орындайды.

Миссияға қатыса бастағаннан бері ұлттық контингент 675, оның ішінде 500-ден аса патрульдеуді, жаттығу іс-шараларын өткізуді, жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру операцияларын, лектерді алып жүруді және уақытша бақылау бекеттерін қоюды орындады.

Қазіргі уақытта Голан жоталарында 139 қазақстандық бітімгер қызмет етіп жүр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #миссия басшысы #Қазақстандық бітімгерлер #даярлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

5 елден 200-ден астам жас хоккейші Almaty Nova Cup 2026 турнирінде бақ сынады

Бүгін 17:36

«Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өтті

Бүгін 17:10

Оқушылар Полиция департаментінің музейіне экскурсия жасады

Бүгін 17:00

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

Бүгін 16:52

«Сарбаз болғым келеді»

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);