AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бұрын жедел жәрдемнің жолын бөгейтіндер көп еді, қ...

Бұрын жедел жәрдемнің жолын бөгейтіндер көп еді, қазір қол жұмсайды - Көшербаев

Әлеумет 24.07.2025, 11:37 887
Бұрын жедел жәрдемнің жолын бөгейтіндер көп еді, қазір қол жұмсайды - Көшербаев
Gov.kz

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылды полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылмен теңестіріп, сондай жаза қолдану қажет. Бұл туралы вице-премьер Ермек Көшербаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар қатаң жазаланады

Үкіметтегі брифинг барысында Көшербаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау мәселесі қазақстандық қоғамды дүр сілкіндіргенімен, бұл жағдай бұрыннан бар екенін еске салды. Оның айтуынша, он жыл бұрын жедел жәрдем көліктерінің жолын бөгейтіндер көбейе бастаған. Кейін бұл әрекеттер қол жұмсауға дейін жеткен. Шенеунік пікірінше, мұндай әрекетке көбіне өзінікі дұрыс деп санайтын адамдар барады.

"Қазір дәрігерлер мен медбикелерге кәсіби міндетін атқару кезінде күш қолдану оқиғалары кездесіп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз депутаттық корпуспен бірлесе отырып, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық өзгерістер пакетін әзірледік. Яғни медицина қызметкеріне шабуыл жасау – қызметтік міндетін атқарып жатқан құқық қорғау органының қызметкеріне шабуыл жасаумен теңестірілуге тиіс. Бұл әділетті шешім деп ойлаймын", – деді Ермек Көшербаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда бір пациент жеке клиника дәрігеріне шабуыл жасаған еді. Оқиға медициналық мекеме ғимаратында орын алып, бейнежазба әлеуметтік желілерде тез тарап кеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жедел жәрдем #медицина қызметкері #күш көрсету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);