AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүркіт тұрған жерде туризмге жол ашылады

Бүркіт тұрған жерде туризмге жол ашылады

Әлеумет 06.12.2023, 05:04 1,032
Бүркіт тұрған жерде туризмге жол ашылады
Сурет: Astanatv.kz

13 жасында небәрі 6 секундта құсты қолына қондырған қазақтың бүркітші қызы Айшолпан рекорд орнатқан еді.


Содан бастап оның есімі әлемнің әр түкпіріндегі туристер назарын аударды. Айшолпанның әкесі бүркіт арқылы туризмді дамытуға болады екен деген ой айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Бозанбай ауылында өткен бүркітшілердің халықаралық фестивалінде қазақты әлемге танытқан Айшолпан Нұрғайып арнайы қонақ болды.


Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында өткен "Шығыс салбурыны – 2023" сайысы 70-тен астам бүркітшінің басын қосты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, осы жылы құс көтерген жастар қарасы көп. Олардың өнерін тамашалап, қонақ ретінде келген Айшолпан қалың жұрттың ортасында қалып, туристер онымен алма-кезек суретке түсті. Әкесі Нұрғайып Ырысұлының сөзінше, әр жылы Моңғолияның Баян өлгей аймағынан келіп тұру әдетке айналды.


"Халық осылай жиналып, қазақтың салт-дәстүрі жаңғырып жатса несі айып?! Көбі қар жаумай, арасында жаңбыр сіркіреп кетуі бүркіттерге кедергі болды деп жатты. Негізі, бұл құстың ауа-райы. Табиғат бәрін біздің ыңғайымызға бұрып бермейді. Мұндағы жарысқа кіл мықтылар жиналыпты. Шырғаға қондыру кезінде мүмкіндіктерін мүлт жібергендері ілуде біреу", – деді ол.

Кәсіби бүркітшінің айтуынша, төл өнердің арқасында қазақ мәдениетімен танысуға ниеттілер саны күрт артқан.


"Қазақты әлемге танытқан жандардың бірі, Айшолпан қызымды көру үшін үйіме 3000-дай турист келді. Еуропадан атізін салғандар "бұлар асқан қонақжай халық екен" десті. Жалпы, бүркіт тұрған жерде туризмге жол ашылады екен", – деді Нұрғайып Ырысұлы.

Бүркіттердің салмағы ары кеткенде 8 келіге дейін барады. Моңғолиялық құсбегілер Баян өлгейдің таулы аймақтарында қыран құспен қасқыр алғандарын жеткізді. Қыстың 40 градус аязында қасқыр ішік киіп, аңшылықтың қызығына түседі. Нұрғайып Ырысұлы бүркітші ретінде әлемнің 33 елін аралаған. Көрген-білгенін Айшолпанға айтып келеді.



"Биылғы фестивальдің деңгейі жоғары. Әдет-ғұрпымыздың осылай дәріптелуі мен үшін үлкен мақтаныш. Бозанбай ауылына көптеген шетелдік туристер келді. Соған орай әр қатысушының әкелген бүркіт, сұңқарының дайындығы келісіп тұр екен", – деді Айшолпан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айшолпан #Бүркітші қыз #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының таулы аймағында Medeu Park Hotel ашылды

Бүгін 15:50

Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді

Бүгін 15:43

Almaty Marathon: 27 қыркүйекте Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 15:38

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрлеріне депутаттық сауал жолдады

Бүгін 15:31

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат министріне депутаттық сауалы жолдады

Бүгін 15:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);