AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Бұл дебат алдыңғысынан да қызық болады

Бұл дебат алдыңғысынан да қызық болады

Сайлау-2023 06.03.2023, 10:15 1,356
Бұл дебат алдыңғысынан да қызық  болады
Сурет: Elorda.info

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының электоралды үдерістерді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы Әмина Үрпекова еліміздегі сайлауалды науқанға баға берді.


1 наурызда жеті саяси партия өкілдері арасында сайлауалды телевизиялық пікірсайыс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.ifo сайтына сілтеме жасап. 



«Дебат барысында біраз эмоция мен қарсыластар арасындағы бәсекелестік байқалды. Пікірсайысқа қатысушылар көрерменнің назарын барынша аударуға тырысты. Бұл бір жағынан партияларға сайлауда дауыс жинауына жол ашса, екінші жағынан, кандидаттардың негізгі идеялары мен ұстанымдарымен танысу мүмкіндігі туды. Өткен пікірталас партиялардың негізгі бағыты мен әлеуметтік базасын тағы бір рет көрсетті. Сонымен қатар дауыс жинау үшін күресте олардың негізгі қарсыластарын анықтады. Мәселен, бизнес қоғамдастық пен ауыл сайлаушыларының дауысы үшін бәсекелестікті атап өтуге болады», - деді Әмина Үрпекова.



Оның мәлімдеуінше, дебат барысында партия өкілдері әлеуметтік, экономикалық көрсеткіштерге баса назар аудара отырып, сандар және деректермен жұмыс істеген.


Сарапшының айтуынша, бұл белгілі бір деңгейде сайлауалды дайындықты көрсетеді және 16 наурызда бұдан да қызық пікірсайыс күтіп тұр.



«Бір мандатты округтер бойынша аралас сайлау жүйесіне көшу қазақстандықтардың азаматтық, саяси белсенділігін көрсетуге айтарлықтай серпін берді. Осылайша, 10 мыңнан астам азамат Мәжіліс пен мәслихаттар депутаты болып сайлануға өз құқығын пайдаланып отыр. Саяси сынға түсушілердің сайлау науқанында бәсекеге қабілеттілігі көптеген факторға байланысты. Атап айтқанда, кандидаттың және оның штабының мотивациясы мен көзқарасы, материалдық және адами ресурстары, науқанға дайындық деңгейі, креативі, шынайылығы, тағы сол сияқты. Мемлекет тарапынан БАҚ-қа тең қолжетімділікке кепілдік беріледі. Әділдікті барынша қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат мәселелері реттеледі. Одан бөлек, әр кандидат сайлауалды науқан жұмысы үшін мемлекеттен тең сома алады», - дейді ол.



Сондай-ақ ҚСЗИ өкілі заңнамалық тұрғыдан барлық кандидаттың мүмкіндігі тең, ал науқанның нәтижесі үміткерлердің өзіне байланысты екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пікірсайыс #сарапшы #дебат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);