Бостандық ауданында 6 белсенді құрылыс алаңы бар.
Ауданда соңғы жылдары тұрғын үй құрылысының қарқыны әлеуметтік нысандар құрылысынан әлдеқайда асып түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Бүгін аталған аудан халқымен кездескен мегаполис басшысы Ерболат Досаев осылай деді.
Әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етуді жүйелі шешу үшін ағымдағы жылдың маусым айында Абай даңғылынан оңтүстікке қарай және әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай 9 қабатқа дейінгі тұрғын үйлердің қабаттылығын шектеу және эскиздік жобаны әзірлеу кезінде әлеуметтік объектілердің (мектептер, балабақшалар, емханалар) құрылысы бойынша міндетті талапты енгізу бөлігінде қала құрылысының регламентіне толықтырулар енгізілді. Барлық объектілер бойынша құрылыс басталар алдында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін болады.
Құрылыстың жаңа ережелері бойынша жұмыс басталып кетті.
Аудан тұрғындарын толғандыратын құрылыстың нақты мекен-жайлары бойынша жеке тоқталғым келеді.
1) аудан тұрғындарын «Мега Алма-Ата» СОО әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының әкімдігі саябақ аймағы бар 500 келушіге арналған емхана салу үшін жер учаскесін сатып алды. ЖСҚ-ны келесі жылдың басында және ҚМЖ-ны 2023 жылдың 4-тоқсанында әзірлеуді бастаймыз.
Әл-Фараби-Гагарин даңғылында 1000 орындық мектеп, әл-Фараби - Радостовец даңғылында 120 орындық балабақша, Радостовец жаяу жүргіншілер көшесін ұйымдастыру жоспарлануда.
2) ӘДК ауданында биылғы 1 қазанға дейін «Акварель» ТК әрқайсысында 150 орындық 2 балабақша ашылады.
«Конкрит продакст» ЖШС көшкеннен кейін 2023 жылдың екінші жартысында 900 орындық жаңа мектеп, кіріктірілген 180 орындық балабақша, фельдшерлік пункт, учаскелік полиция пункті және балабақша құрылысы басталады.
Биылғы қыркүйекте №65 мектепке 300 орындық жапсаржай құрылысы басталады, аяқталу мерзімі келесі жылдың 1 қыркүйегіне дейін.
3) №2 автопарк ауданында құрылыс салушы "BI group" ЖШС тұрғын үй кешені құрылысының жобасын түзетуде, ол 900 орындық мектепті, 300 орындық балабақшаны, 1,2 га жасыл аймақты қамтитын болады. Мұндағы тұрғын кешенінің қабаты 9 қабаттан аспауы тиіс.
4) Сәтбаев-Шагабутдинов ауданында-бұрын осы аумақта 11 үйі бар 2 ТК құрылысы қарастырылған болатын. Бүгінде құрылыс салушы жобаны қайта қарап жатыр. Босатылған аумақта ауданы 1 га қалалық саябақ, жалпы пайдалануға арналған сквер мен тұрақ орындары, сондай-ақ әкімшілік ғимарат салу көзделеді.
5) Абай даңғылы бойынша Алматы қаласының құрылуын қолдау аясында құрылыс салушы Абай даңғылы-Мыңбаев-Кәрімов-20 линия көшелерінің квадратында шамамен 60 сотық жер учаскесін сатып алу туралы Меморандумға қол қойды.
Бұл аумақта құрылыс салушымен бірлесіп балабақша, жаяу серуендеуге арналған променадтық аймақ, спортпен айналысуға арналған алаң, балалар алаңы, 20 желі және Каримов көшелері арасындағы сквер салу жоспарлануда.
3) «Рамс city» ТК құрылыс салушы – бұрынғы жеміс консерві комбинатының ауданы бойынша жоба үйлер санын 57-ден 37-ге дейін азайтуға қайта қаралды. Сонымен қатар, жоба әлеуметтік нысандардың құрылысымен толықтырылды: 1100 орындық мектеп, учаскелік полиция пункті, әрқайсысы 120 орындық 2 балабақша.
Бұдан басқа, құрылыс салушымен ауданы 1,3 га болатын жер учаскелерін абаттандыру және көгалдандыру үшін учаскенің солтүстік және оңтүстік жағынан алып қою рәсімі жүргізілуде.
Бостандық ауданы бойынша алғашқы сапарым кезінде тұрғындар менен «Южный» саябағындағы жер телімін қайтаруды сұрады.
Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Алматы қаласының әкімдігі осы учаскені алып қою туралы қаулы қабылдады, бірақ иесі өтемақы сомасымен келіспейді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа Мемлекеттік мүлік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Оң шешім қабылданған жағдайда «Южный» паркінің аумағы 2,8 га ұлғаяды.
Биылғы 14 шілдеде Алматы қаласы әкімдігінің Жароков – Левитан көшесіндегі ауданы 30 сотық жер учаскесін алып қою туралы қаулысы қабылданды. Бұл аумақта 2023 жылдың қазан айына дейін аудан тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін спорттық, балалар және workout алаңдары орнатылады.
«Mountain Drive» тұрғын үй кешенінің жекелеген жер телімдерін қала балансына беру мәселесі бойынша, жер телімінің бір бөлігі коммуналдық меншікке өткенін, ал қалған бөлігіне жерге орналастыру жобасы әзірленуде екенін хабарлаймын. Осыдан кейін Алматы қаласы әкімдігінің қаулысын қабылдаймыз.
Қазіргі уақытта ауданда 35 бау-бақша серіктестігі орналасқан, бүгінгі күні 7-ден мақсатты ЖТҚ-ға ауыстыру туралы шешім қабылданды.