Бүгін Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының құрылғанына 13 жыл толды

  • 12:11, 25 тамыз 2025
Бүгін Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының құрылғанына 13 жыл толды Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры

Бүгін Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының құрылғанына 13 жыл толды.

Қор 2012 жылғы 23 тамызда Түркі мемлекеттері ұйымының Бішкек қаласында өткен Саммиті барысында Қазақстан, Қырғызстан, Түркия Мемлекет Басшыларының қолдауымен және Әзербайжан Республикасының Президентінің бастамасымен құрылды.

«Әдебиет және өнер» порталы осы 13 жылдық тарихқа, әсіресе соңғы жылғы теңдессіз қызметке назар аудара отырып, Түркі әлемінің ғажайып әрі күншуақты қаласы Бакуде орналасқан Қор түркі халықтарының қолөнері, фольклоры, тарихы, әдебиеті және өзге де мәдениет салаларындағы мұрасын сақтау, дамыту, нығайту және насихаттау бағытындағы қызметін табысты жалғастырып келе жатқанын атап өтеді.

Түркі Мәдениеті қорының президенті, Қазақстанның және әлемнің танымал композиторы Ақтоты Райымқұлова атап өткендей, Түркі Мәдениеті мен Мұрасы қорының құрылуы Әзербайжан Республикасы Президентінің бастамасынан туындап, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия президенттерінің қолдауымен 2012 жылғы 23 тамызда Бішкекте өткен Түркі кеңесінің (қазіргі Түркі Мемлекеттері Ұйымы) Саммитінде шешім қабылданған. Қор құрылған күннен бүгінге дейінгі басты мақсатымыз – Түркі әлемінің бай мұрасын және көпғасырлық тарихын зерттеу, сақтау және насихаттау болып келеді. Осы миссия аясында Түркі Мәдениеті мен Мұрасы қоры бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырып, мәдени ынтымақтастықтың кеңеюіне және ортақ құндылықтардың әлемге таныстырылуына үлес қосты.

Алдағы уақытта да Қор Түркі мемлекеттері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, ортақ түркі тарихы мен мұрасын жаңа зерттеулермен толықтыру, сондай-ақ заманауи технологиялар арқылы кең аудиторияға жеткізу бағытында өз жұмысын жалғастыра бермек.

Түркі әлемінің бірлігі мен мұрасы – болашақ ұрпаққа қалдырар ең ұлы аманат!

Атап өткеніміздей, Әзербайжан Президентінің бастамасымен, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Мемлекет басшыларының қолдауымен құрылған, кейіннен Өзбекстанның қосылуымен қатарын кеңейткен және алдағы уақытта Мажарстан мен Түрікменстанмен одан әрі толығады деп күтілетін бұл ұйым түркі халықтарының ұлттық және рухани құндылықтарын насихаттау бағытында көптеген құнды жобаларды жүзеге асырып келеді: кітаптар жарық көруде, көрнекті зерттеуші ғалымдардың қатысуымен көрмелер, конференциялар ұйымдастырылуда. Түркі дүниесінің материалдық мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру бағытында да жұмыстар атқарылуда.

Ақтоты Рахметоллақызының айтуынша, түркі дүниесінің тарихы мен мәдениетін бірлесе зерттеу үшін барлық түркі ұйымдарының бас біріктіріп, бірлесе еңбек етуіне қолымыздан келгеннің бәрін жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:07

15:04

14:48

14:19

14:07

13:02

12:37

12:36

12:21

12:11

12:05

11:31

11:26

11:11

11:02

10:56

10:51

10:38

10:30

10:23

18:59

15:20

13:33

12:11

11:50