Бүгін Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының жолдастық кездесуі өтеді

Бүгін Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының жолдастық кездесуі өтеді Сурет: 24.kz

Бүгін футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы "Халадаш" стадионында болады. Кездесу сағат 19:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Құрамалар бұған дейін өзара 11 мәрте кездескен, бұл – рекордтық көрсеткіш. 5 ойында Қазақстан құрамасы, 3 ойында Әзербайжан жеңіске жеткен. 3 кездесуде жеңімпаз анықталмаған.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.

Айта кетейік, 7 маусымда Қазақстан құрамасы Арменияға 2:1 есебімен есе жіберген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21