Бүгін күн қатты ысиды

Бүгін күн қатты ысиды Сурет: интернеттен

Аптап ыстықтың беті қайтар емес.


Синоптиктер 18 шілдедегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 18 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.



Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр болады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.



Тек республиканың шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.


Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Ұлытау, Абай Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-41°с қатты ыстық сақаталады, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық (42°С) күтіледі.


Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, , Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:20

09:10

17:56

17:43

17:26

17:13

17:01

16:44

16:33

16:19

16:01

15:59

15:43

15:31

15:19

15:07

14:55

14:38

14:26

14:18

14:08

12:05

11:41

11:23

11:06