AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылда...

Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталады

Әлеумет 06.02.2023, 02:20 1,073 Almaty-akshamy
Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдау басталады
Сурет: Ашық дереккөз

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша бұрынғы шарттар өзгеріссіз қалды


Бүгіннен бастап жеңілдетілген несие бойынша көлік алу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұған дейін хабарланғандай өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.



«Сайтта өтінім берген кезде, өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі», - делінген хабарламада.



Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша бұрынғы шарттар өзгеріссіз қалды:


- бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;


- қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;


- қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;


- бастапқы жарна - 0 пайыз.


Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС қатысады. Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, бұл компаниялар 60 күннің ішінде автокөлікті жеткізуі тиіс.


Жалпы, автокөлік пен несиені берудің толық рәсімін 60 күннің ішінде аяқтау керек.


Қазақстандықтардың өтінімдері үш себеп бойынша қабылданбауы мүмкін.


Біріншіден, осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, бұл адамның өтінімі қабылданбайды.


Екіншіден, платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды.


Үшіншіден, бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса, өтінім қабылданбайды.


Өтінімді тексеруге тиісті уақыт керек болады. Осыдан кейін сайттағы «жеке кабинетте» өтінім мақұлданып, бағдарламаға қатысатындар пулына адамның қосылғаны туралы хабарлама келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автонесие #өтінім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);