конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін еліміздің барлық облысына ауа райына байланы...

Бүгін еліміздің барлық облысына ауа райына байланысты ескерту жариялады

Әлеумет Бүгін 10:10 28 yakiya
Бүгін еліміздің барлық облысына ауа райына байланысты ескерту жариялады

"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 12 шілдеде Астана, Шымкент және еліміздің барлық облысына ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 12 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.

Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 12 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

12 шілдеде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде облыстың солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 12-15 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

12 шілдеде Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, солтүстігінде күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Астанада 12 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

Кеше 19:01

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті

Кеше 15:41

Бірінші топтағы мүгедектігі барлар арнайы орын билетін онлайн сатып ала алады

Кеше 15:23

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Кеше 14:57

Қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған ақылы тестілеу басталады

Кеше 14:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);