"Қазгидромет" РМК бүгін, 8 қарашада еліміздің алты қаласында ауа сапасының ластану деңгейі жоғары болатынын ескертті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
"8 қарашада Алматы, Талдықорған, Павлодар, түнде Астана, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.