Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияла...

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Әлеумет Бүгін 08:54 33
Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 13 облысында 2 сәуірде дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Атырау қаласында 2 сәуірде кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі облыстың батысында, орталығында сақталады. Түркістанда 2 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде 2 сәуірде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 2 сәуірде түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қостанайда 2 сәуірде түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Павлодарда 2 сәуірде түнде және таңертен тұман болатыны болжанады.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың оңтүстігіндегі екпіні 15-18 м/с құрайды. Өскеменде 2 сәуірге түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Петропавлда 2 сәуірде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Көкшетауда да 2 сәуірде түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Бұған дейін синоптиктер 2 сәуірде Қазақстанның батысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсетінін айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика