конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Бұдан былай еліміз Сирия келіссөздері үшін өз алаң...

Бұдан былай еліміз Сирия келіссөздері үшін өз алаңын ұсынбайды

Саясат 21.06.2023, 10:39 1,432
Бұдан былай еліміз Сирия келіссөздері үшін өз алаңын ұсынбайды
Сурет: Ulysmedia.kz

Бұл туралы Астанада өткен келіссөздердің 20-раунды барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




Ulysmedia.kz ақпаратына сүйенсек, келіссөз қорытындысына орай кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жария етті.



«Сирияның біртіндеп оқшаулану аймағынан шығуы Астана процесінің өз міндетін абыроймен атқарғанының белгісі деп тануға болады. Сирияның араб елдері қатарына оралып келе жатқанын ескере отырып, Астана процесі аясында Сирия бойынша 20-шы отырысты ресми соңғы деп жариялауды ұсынамыз», - деп мәлімдеме жасады Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш.



Айта кетейік, елордада 20-21 маусым аралығында Сирия бойынша 20-шы халықаралық кездесу өтті. Оған кепілгер елдердің – Ресей, Түркия және Иранның делегаттары мен Сирия үкіметі және оппозициясының өкілдері, сондай-ақ бақылаушылар қатысты.


Күн тәртібінде Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды өзгерту, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу мәселелері талқыланды.


Астана алаңы Сириядағы қарсылас тараптар арасындағы қақтығыстарды тоқтату бойынша келіссөздер жүргізу үшін ұсынылған. Сириялық реттеу бойынша халықаралық кездесулер елордада 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cирия #келіссөздер #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүректің кенет тоқтау қаупі жоғары пациентке тері асты кардиовертер-дефибриллятор имплантатталды

Бүгін 19:08

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауының қалалық кезең жеңімпаздары анықталды

Бүгін 18:50

Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды

Бүгін 18:45

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Бүгін 17:23

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);