Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Бостон некесі" деген не және ол қай жағдайда тиім...

"Бостон некесі" деген не және ол қай жағдайда тиімді?

Мұны білген жөн 28.01.2026, 09:12 245
"Бостон некесі" деген не және ол қай жағдайда тиімді?
Жасанды интеллект

Режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы жары Нәзира Сатаева жуырда берген сұхбатында қазір Дори есімді қызбен бірге тұрып, "Бостон некесін" жасасқанын айтты. Бұл қандай неке, оның мәні неде және қай жағдайда тиімді болуы мүмкін? Толығырақ Aqshamnews.kz материалында.

"Бостон некесі" деген не?

Бұл термин екі әйелдің ұзақ уақыт бірге тұрып, бір үйдің тіршілігін бірге алып жүруін білдіреді. Бірақ әңгіме тек "ақша үнемдеу үшін бірге пәтер жалдаған студент құрбылар" туралы емес.

"Бостон некесіндегі" қатынас әлдеқайда терең: олар

  • бір шаңырақтың шаруасын бірге жүргізеді;
  • бюджетті ортақ жоспарлайды;
  • бір-біріне қамқор болады;
  • араласады, қонақ күтеді;
  • керек кезінде сүйеніш, тірек болады.

Яғни нағыз отбасыға ұқсас өмір. Айырмасы - ер адам жоқ және интим міндетті емес (көбіне бұл модель дәл солай сипатталады).

Неліктен "Бостон некесі" деп аталады?

Оксфорд сөздігін құрастырушылардың болжамынша, бұл атау америкалық жазушы Генри Джеймстің "Бостондықтар" романына байланысты шыққан. Романдағы басты кейіпкерлер бір үйде бірге тұрады, оларды тек ортақ тұрмыс емес, әйел құқығы жолындағы күрес те біріктіреді.

Бәлкім, авторды 1880-жылдардағы Бостон қаласында кең тараған осындай тұрмыс үлгісі шабыттандырған болуы мүмкін: ол кезде мұндай қатынастар ерекше бір "таңсық" құбылыс саналмаған деген пікір бар.

Термин алғаш рет 1893 жылы аталады. Оны суфражист әрі феминист Эдна Чини прогрессив Open Court журналының редакторына жазған хатында қолданған. Ол әйел-құрбылардың бірге тұрып, тұрақты өмір сүруі үйреншікті жағдайға айналғанын және тіпті арнайы атауы да бар екенін айтады - "Бостон некесі".

Суфражист әйелдердің қозғалысы күшейген сайын, ХХ ғасырдың басына қарай "Бостон некесі" АҚШ пен Еуропаға кеңінен тарайды.

"Бостон некесі" не үшін қажет?

XIX ғасырдың аяғында бұл көбіне "қызық үшін жасалған таңдау" емес, өмірдің өзі итермелеген амал болатын. Дәстүрлі неке, тіпті ең бақыттысының өзі, әйелді көбіне үй шаруасының адамы деңгейіне түсіріп қоятын.

Ер адам үйленген соң да мансабын, ғылымын жалғастыра береді. Ал әйел, қанша білімді, қабілетті болса да, тұрмысқа шыққанда әлеуетін "жинап қойып", үйдің тірлігіне байлануға мәжбүр болған.

Бұл түсінік сол дәуірдің "озық" орталарында да сақталған. Мысалы, 1870 жылы АҚШ-та әйелдерге арналған алғашқы жоғары оқу орындарының бірі - Уэллсли колледжі ашылды. Әйелдер жоғары білім алып, зерттеумен айналыса бастады. Бірақ сол колледждің өзінде қатаң қағида болған: қыз тұрмысқа шықса - оқуын тоқтатып, академиялық қызметтерінен кетуге тиіс.

Сондықтан ғылымдағы, білімдегі әйелдер дәстүрлі некеге балама іздеді. Олардың басым бөлігі "бостон" үлгісін таңдаған. Тіпті бұл құбылыстың екінші атауы да пайда болды - "Уэллсли некесі".

"Бостон некесі" қай жағдайда тиімді болуы мүмкін?

Аустралиялық жазушы Кейси Эдвардс The Sydney Morning Herald басылымындағы бағанында "Бостон некесі" әйелдерге өмірдің кей сәттерінде әсіресе қолайлы болуы ықтимал деп болжайды:

  • Ата-ананың үйінен жаңа шыққан қыздар. Екеулеп тұрса, жаңа кезеңнің мазасыздығы мен жалғыздығын жеңіл өткереді.
  • Ажырасқан жас аналар. Құрбымен бірге тұру әлеуметтік оқшауланудан шығарып, қолдау береді. Екі жақта да бала болса, аналар бір-бірін алмастырып, бір-біріне демалуға мүмкіндік жасайды.
  • Жалғыз қалған егде әйелдер. Құрбы - әрі "отбасының орнын басатын" жақын адам, әрі әңгімелес, серік.
  • "Классикалық" қатынастан шаршаған қыздар. Ортақ мақсаттағы адаммен одақ жалғыздықты сездірмейді, бірақ кей шарттылықтардан босатады. Мысалы, үнемі "мінсіз көріну", "үйде ыстық ас дайын болуы керек" деген қысым азаяды.

Әрине, кәдімгі неке сияқты, "Бостон некесі" де мәңгілікке міндетті емес. Қалаған кезде тоқтатуға болады. Оның үстіне заң жүзінде реттелмегендіктен, ресми ажырасудай ұзақ процедураны талап етпейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бостон некесі #Ақан Сатаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика