AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бостандық ауданында әрқайсысы 500 адам қабылдайтын...

Бостандық ауданында әрқайсысы 500 адам қабылдайтын екі емхана салынады

Әлеумет 13.03.2025, 10:26 576 Bakyt
Бостандық ауданында әрқайсысы 500 адам қабылдайтын екі емхана салынады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданында жаңа емханаларды күрделі жөндеу және салу туралы айтты

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуы туралы хабарлады. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін медициналық объектілердің құрылысы мен жаңғыртылуы белсенді жүргізілуде.

2024 жылдың желтоқсанында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының емханасына күрделі жөндеу аяқталды. Жаңартылған медициналық мекеме қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары стандарттарына сәйкес келеді. Емханада консультативтік-диагностикалық бөлімше, әйелдер консультациясы орналасқан, онда медициналық қызметтердің кең спектрі көрсетіледі. Орташа алғанда, емхана күніне 250-ден астам науқасқа қызмет көрсетеді. 

Орбита-2,29а үй ш/а орналасқан №4 емхана филиалында күрделі жөндеу аяқталып қалды. Попов көшесі, 23 мекенжайындағы №12 емхананың негізгі ғимаратын күрделі жөндеу 90%-ға аяқталды. Жұмысты осы көктемде аяқтау жоспарлануда. 

Сондай-ақ, қала әкімі жаңа емханалардың құрылысы туралы хабарлады.

«Алдыңғы кездесулерде уәде етілгендей, наурыз айында біз Серкебаев даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында 500 адам қабылдайтын емхана салуға кірістік. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда», - деді Ерболат Досаев. 

Бұдан басқа, 2025 жылғы маусымда мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін әл-Фараби даңғылы мен Санаторная көшесінің қиылысында 500 адам қабылдайтын екінші емхананың құрылысын бастау жоспарлануда.

Екі емхана да заманауи стандарттарға сай болады, оларда КТ және МРТ аппараттарымен жабдықталған клиникалық-диагностикалық орталықтар қарастырылған.

Айта кетейік, Бостандық ауданының тұрғындарына төрт мемлекеттік емхана қызмет көрсетеді, олар: №4, 7, 12, 17, сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін жеке медициналық орталықтар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#емхана #Ерболат Досаев #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Кеше 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Кеше 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);