Алматы соты Threads желісіндегі жазбасы үшін Mini Knopka деген атпен танымал блогер Айгерім Бердалиеваны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 60 550 теңге айыппұл салды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Іске блогердің Алматыдағы көшелердің атауын өзгертуге қатысты балағат сөздер қолданған жазбасы себеп болған.
Бердалиева Алматы көшелерінің атауын өзгертуге байланысты пікір білдіріп, кеңестік атауларды – «Ленина», «Фурманова», «Дзержинского», «Мира» және «Комсомольская» деп атайтындарды «нағыз алматылықтар» деп атаған.
Жазбадан кейін әлеуметтік желіде сын көбейіп, блогер жарияланымы үшін кешірім сұраған. Кейін PR-маман Айбар Олжаев құқық қорғау органдарына арыз түсіргенін хабарлады.
Осыдан кейін іс сотқа жетіп, блогерге айыппұл салынды.