AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда ақын Мейірхан Ақдәулетұлының 3 томдық жин...

Алматыда ақын Мейірхан Ақдәулетұлының 3 томдық жинағы таныстырылды

Мәдени Алматы Бүгін 14:05 32
Алматыда ақын Мейірхан Ақдәулетұлының 3 томдық жинағы таныстырылды

Алматының А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында белгілі ақын, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Мейірхан Ақдәулетұлының 3 томдық шығармалар жинағы таныстырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Еңбек жолын шопандықтан бастап, тракторшы да болған, кейін қөңілі сүйген қаламгерлік жолға түскен ақын-журналист оқырманына «Шырақ ғұмыр», «Жалғыз досым – жүрегім», «Дәруішнама» секілді кітаптарымен танымал.

Мінберден сөз алған ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып Мейірхан Ақдәулетұлының сол замандағы жас буынның поэзиядағы жолына шырақ жаққан қаламгерлердің бірегейі болғанын атап өтті.

«Біздің буын поэзияға 80-ші жылдары келді. Абай мен Фурманов қиылысында «Прогресс» деген кітап дүкені болды. Содан Мейірхан Ақдәулетұлының, Есенғали Раушановтың, Әубәкір Қайранның, Шәмшия Жұбатованың өлеңдері басылған «Бастау» деген кітапты сатып алып, жата-жастана оқығанымыз есімде. Мейірхан Ақдәулетұлының поэзиясы өте терең, үлкен философиялық иірімдерге құрылған. «Дәруішнама», «Қос өрім» деген поэмаларын да қолдан түсірмей жүріп оқыдық. Ақынның қазақ поэзиясына өзіндік үнімен келіп, оны жаңа бір интеллектуалдық биікке көтергенін де айтуымыз керек. Біздің ұлтымызға қарсы сөйлеген желіккендерге тойтарыс берген, ұлттық мәселені жоғары деңгейде қозғай білген «Алтын орда» деген ғажап газет те шығарды. Желтоқсан оқиғасына тікелей қатысып, таяқ та жеді, жұмыстан шығарылды, қуғын-сүргін көрді. Барлығына жүрегі төзді. Әдебиетке адал болып қалды. Жазған дүниелері бүгінгі буынның қазынасына айнала берсін», – деді Бауыржан Жақып.

Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет те ақынның журналистік қырына тоқталды.

«Мейірхан Ақдәулетұлының ақындығынан бөлек, ұстаздық, редакторлық қасиетін де көрдік. Ол басқарған газеттер жастардың шеберханасына айналып шыға келетін. Жас ақын, жазушыларға деген қамқорлығы өлшеусіз еді. Бәрінің қанатын қатайтты. Замандас қаламгердің бүгін де шығармашылық, ақындық лабораториясы әлі де сүйсінтіп, таңғалдырып, тереңге тартып тұрады», – деді Ұлықбек Есдәулет.

Белгілі ақын, аудармашы, публицист Байбота Қошым-Ноғай да замандасын құттықтап, кітаптың жарыққа шығуы қаламгер үшін үлкен қуаныш болса, оның оқырманымен қауышуы одан да үлкен мерей екенін айтты.

«Бұл үш томдық еңбек – автордың ұзақ жылдар бойғы шығармашылық ізденісінің, ой-толғамының, қалам қуатының бір арнаға тоғысқан тұсы. Әбіш Кекілбаевтің «Адам кемелденуі үшін мың кітап оқуы керек. Ал сол мың кітапты оқу үшін ішінен жүз кітапты таңдап алып оқысаң, сол жетеді» дейтін сөзі бар. Мейірхан Ақдәулетұлының кітаптары сол таңдаулы жүз кітаптың ішіне кіретін кітаптар», – деді Байбота Қошым-Ноғай.

Қаламгердің шығармашылығын танудың ең жақсы жолы – оның өз сөзін тыңдау. Аудитория ақынның ойы мен сезімін, өмірге деген көзқарасын тереңірек білу үшін сауалдарын да қойды.

«Әдебиет – өмірдің оқулығы. Мәселен, мына кітапхана сөресінде мыңдаған кітап тұр. Солардың ішіндегі ең жақсысын таңдап оқысаң, ең болмағанда өзіңнің жолыңнан адаспайсың деп ойлаймын. Негізі әдебиет – қайырлы нәрсе. Сондықтан жалғаса береді. Қандай заман болса да, әдебиет сол халықтың дауысы, үні ретінде, сол халықтың өзінен шыққан адамдардың кітаптарымен көркейеді деп ойлаймын. Кез келген кітап жарық көріп, оқырманына жол тартқаннан кейін халықтың мәдениетіне айналады. Қадірлі жастар, кітап кез келген уақытта бәрімізге рухани дос бола алатынын ұмытпайық», – деді кеш кейіпкері Мейірхан Ақдәулетұлы.

Әдеби кештің көркін «Алату» дәстүрлі өнер театрының әншілері Диас Мұратхан мен Шаттық Уатхан әсем әуенмен әрлей түссе, Алматы студенттері ақын өлеңдерін оқыды.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүлде қоры 94 400 000 теңге болатын бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтеді

Бүгін 14:12

Тоғыз айда Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқыды

Бүгін 12:10

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады

Бүгін 12:10

Алматы көшелерін кеңестік кезеңдегі атауымен атаған блогерге айыппұл салынды

Бүгін 11:06

Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды

Бүгін 10:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);