Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бостандық ауданында 150 шақырымнан астам инженерлі...

Бостандық ауданында 150 шақырымнан астам инженерлік желі салынады

Әлеумет 08.07.2025, 14:19 616
Бостандық ауданында 150 шақырымнан астам инженерлік желі салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бостандық ауданында  жүйені жаңарту мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту басты міндеттің бірі болып қала бермек. Биыл су құбыры, кәріз, жылу мен жарық желілерін салып, қайта жаңарту бойынша ауқымды жұмыс қолға алынған. Бұлар ондаған көшені, тұрғын алаңдары мен шағын аудандарды қамтып отыр. Жобаланған, іске асырылып жатқан желінің жалпы ұзындығы 150 шақырымнан асады, инвестиция көлемі – 35 млрд теңгеден жоғары. Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы жұмыстың барысын баяндады.

Су құбыры мен су бұру жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі үшін 2025 жылдың соңына дейін ауданның төрт көшесінде 8 шақырым инженерлік желі қайта жаңартылады. Маусым айында ең үлкен жобаның бірі – тәулігіне 9 мың м³ су өндіретін су алу құрылғысының құрылысы басталды. Бұл жоба ауданның оңтүстік бөлігіндегі 25 мыңнан астам тұрғынды сумен қамтамасыз етпек. Нысанның құны – 10,4 млрд теңге, ол  2026 жылдың соңында аяқталады.

2025 жылдың мамыр айынан бастап төтенше жағдайдың салдарын жою жұмысы жалғасып жатыр: Үшкемпіров, Арайлы, Талды және Орталық көшелерінде шамамен 7 шақырым магистральді су мен кәріз желісі салына бастады. Бұл жоба Асқартау, Ерменсай, Ақтөбе шағын аудандарын, «Ремизовка», «Сакура», «Династия» тұрғын үй кешендерін, сондай-ақ «Ремизовка», «Дружба», «Курортное» бау-бақша серіктестігін қала инфрақұрылымына қосуды көздейді. Жұмыс жылдың соңына таман бітпек.

2025 жылдың қыркүйегінде Нұрлытау шағын ауданында 63,5 шақырым су құбырымен 33,6 шақырым кәріз желісін салу үшін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын күтіп отыр. Құрылыс қазан айында басталып, 2026 жылдың соңында аяқталады. Жобаның құны – 18 млрд теңге.

Мамыр айынан бастап, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін, 7,1 шақырым жылу желісін қайта жаңғырту мен екі сорғы станциясын жаңарту бойынша 15 жоба іске асырыла бастады. Бұл жылу желілері 60,6%-ға тозғандықтан қолға алынған. 5,9 млрд теңгелік жұмыс 2025 жылдың қазанында аяқталмақ.

Жыл басынан бері аудан аумағында көше жарығын жаңарту жұмыстары басталды. 19,6 шақырым ескі кабель ауыстырылып, 70 жаңа бағана мен 2600 шам орнатылды. Бұл жұмыс 80 көше мен 100 ауланы қамтыды. Жыл соңына дейін тағы 40 шақырым кабель желісі ауыстырылып, 230 бағана мен 3 мың шам орнатылмақ. Тамыз айында 65 көшеде жаңа сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы басталады: 28 км әуе желісі тартылып, 778 бағана мен сонша шам орнатылады. 510 млн теңгелік жобаның аяқталуы 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

«Инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту аудан тұрғындарының өмір сапасын айтарлықтай жақсартып, қалалық ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Санжар Әлин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бостандық ауданы #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі