Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Борышкер алимент төлемегені үшін қамауға алынды  

Борышкер алимент төлемегені үшін қамауға алынды  

Әлеумет 03.12.2024, 19:10 720
Борышкер алимент төлемегені үшін қамауға алынды  
Сурет: Almaty-akshamy.kz

2024 жылғы 15 қарашада Батыс Қазақстан облысы Байтерек ауданының соты алимент бойынша қасақана төлемей жүрген борышкерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабына сәйкес (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) кінәлі деп тану және 5 күнге қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz  

Борышкер 2021 жылдың 29 сәуірінен бастап алимент төлемеген, салдарынан 1 178 558 теңге көлеміндегі қарызы жиналған.   Жалпы, биылғы жылы облыс прокуратурасының «Алимент бойынша 10 қадам» жобасын жүзеге асыру және қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша алимент борышы 2,4 миллиардтан 1,4 миллиард теңгеге дейін азайған.  

487 миллион теңге сомасындағы алименттікқарыздар өтелді.   Уәкілетті органдар арасында өзара тиісті әрекеттесуге қол жеткізілді. 451 борышкер жұмыспен қамтылды, 598 борышкер жұмыспен қамту органдарында тіркелді.   Борышкерлердің 5 жылжымайтын мүліктегі үлестері (3 пәтер, жер учаскесі, тұрғын үйдегі үлестері) сатылды, сонымен қатар 75,5 миллион теңге көлеміндегі қарыз есебіне өндіріп алушыларға берілді.   Борышкерлерді бәс тігушілер ретінде тіркеудің 7 фактісі анықталды.  

Олар бойынша алимент төлеу міндетінен жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес қылмыстық істер тіркелді (Балаларды асырау үшін қаражат төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау, мүгедек ата-ананы, мүгедек жұбайын асырауға қаражат төлеуден жалтару).  

114,2 миллион теңге көлемінде ломбардтарда зергерлік бұйымдарды сатумен айналысқан 281 борышкер анықталды.   165 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес 37 қасақанаборышкерлерге қатысты 37 материал тіркелген.   Оның ішінде 4 іс бойынша үкім шығарылды.  

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алимент #Борышкер #жанұя
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика