Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Болат САЙЛАН, ауған соғысының ардагері: Шын жүрект...

Болат САЙЛАН, ауған соғысының ардагері: Шын жүректен қайғырып көңіл айтамын

Әлеумет 29.08.2021, 11:47 1,951
Болат САЙЛАН, ауған соғысының ардагері: Шын жүректен қайғырып көңіл айтамын
сурет: Egemen.kz

Кешегі Таразда болған жарылыс бүкіл Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырып кетті.


Қазірдің өзінде 13 адам қаза тапқаны жария етілді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мынадай қайғылы оқиғалардың орын алуы жанға батады. Осы 30 жылда әскери салада қаншама реформалар орын алды. 1993 жылы Қазақстан Қарулы Күштері құрылғаннан бастап, 2000 жылы, 2007 мен 2017 жылдары жаңа әскери доктриналар қабылданды. Мұның барлығы Қазақстан Қарулы Күштерін дамытуға арналған құжаттар. Бірақ Қарулы күштердің қуаты бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 140 мемлекеттің ішінде 62 орынды иеленіп отыр. Бұл әскери салада әлі де түрлі проблемалар бар екендігін көрсетеді. 
Кезінде Арыстағы жарылыстың айқайы қаншама жылға созылды. Енді келіп Таразда осы жағдай қайталанып отыр. Небір атпал азаматтардан айрылып қалдық. Менің ойымша, мұның барлығы кадрлық мәселелердің кемшілігі мен жемқорлықтың кесірінен болып отыр. Кеңес үкіметінің тұсында бір қойма жарылыпты дегенді естімеп едік. Өзіміз де ауған соғысына қатыстық. Ол кезде қышлақтарда, тау-тастарда қару-жарақтар үйіліп жататын. Соның біреуі де жарылғанын көрген жоқпыз. Өйткені, ол кезде темірдей тәртіп болды. Негізі, әр саланың өзінің кәсіби маманы өз жұмыстарына жауап беруі тиіс. Бұл ретте, әсіресе, әскерде кәсіби біліктілікті күшейтуіміз қажет. Инженерлік роталардың, бригадалардың, батальондардың сапасын арттыруымыз керек. Енді сапаға көшетін кез жетті. 
Президентіміз осы мәселеге байланысты аза тұту күнін жариялады. Бейбіт заманда, ойламаған жерден қаза тапқан бауырларымыз иманды болсын! Тума-туыстарына, отбасыларына, балаларына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын. Бұл өзекті өртейтін жағдай. Құдай бізді бейбіт өмірден айырмасын. Қарулы күштерімізде мұндай мәселе қайталанбасын деп тілеймін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл оқиғасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Бүгін 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Бүгін 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі