Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет /  Болат Садықов: Жол картасының орындалуы сапалы бо...

 Болат Садықов: Жол картасының орындалуы сапалы болуы қажет

Әлеумет 30.09.2021, 11:31 1,255
 Болат Садықов: Жол картасының орындалуы сапалы болуы қажет
almaty-akshamy.kz

Nur Otan Алматы қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы Болат Садықов партия әзірлеген сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жасалған Жол картасының орындалуы сапалы болуы қажеттігін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Күн тәртібінің бірінші және екінші мәселелері бойынша Жол Картасының 111-тармағы қаладағы медициналық ұйымдардың жабдықтандырылуы деңгейінің өсуі және Жол картасының 112-тармағы медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева баяндама жасады.


Өз кезегінде С. Сұлтанғазиева медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту үшін жергілікті бюджет қаражатынан 43,1 млрд. теңге бөлінгенін, оның ішінде ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) 285, жоғары ағынды оттегі терапиясы аппараты High Flow 250, оттегі концентраторлары 1050, рентген аппараты 47, УЗИ аппаратынан 52 және 135 жедел жәрдем көлігі алынғанын айтты. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен 562,1 млн.теңге сомасына 94 медициналық жабдықтар алынған. Кеңес мүшелері мәлімдемеге басқа бағыттағы жабдықтарға да үлкен мән беруді ұсынды.


Өз кезегінде қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты 5069 маман оқу курстарынан өткен. Оның ішінде шетелде біліктілікті арттырудан 13 маман: «BLS,ACLS,PALS, PHTLS тренерлер курсы», (Израиль 12 адам), «Отоларингологиядағы МРТ диагностикасы» - (Израиль1 адам) отандық мамандардың қатысуымен 40-тан астам семинар-тренингтер өткізілгенін айтты.


Ал Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ринат Бекбергенов өзінің баяндамасында Алматы қаласының жастары арасында салауатты өмір салты қағидаттарын нығайту жөнінде 7 тармақ бойынша жұмыс жасалып жатқанын хабарлады. Олар: жастарды бұқаралық спорт түрлерімен қамтуды қамтамасыз ету, дене шынықтыру сауықтыру кешендерін салу, жастардың туризмге қызығушылығын арттыру, наркологиялық есепте тұрған 15-29 жас аралығындағы жастардың санын азайту, 18-29 жас аралығындағы жастардың арасындағы ВИЧ/СПИД ауруы таралуын азайту, 14-29 жас аралығындағы қыз балалардың арасында абортты азайту, 15-29 жас аралығындағы жастардың арасында суицидті азайту.


Іс-шара барысында барлық сұрақтар қызу талқыға алынып, жауапты мекемелерге тиісті ұсыныстар берілді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолкартасы #НұрОтан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика