AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Болат Өтемұратов Қоры Алматыдағы газдандыру жобасы...

Болат Өтемұратов Қоры Алматыдағы газдандыру жобасына қолдау көрсетті

Алматы 28.08.2026, 14:02 264
Болат Өтемұратов Қоры Алматыдағы газдандыру жобасына қолдау көрсетті
Алматы әкімдігі

Болат Өтемұратов Қоры Алматы қаласындағы тұрғын үйлерді газбен жабдықтауға бағытталған маңызды әлеуметтік жобаға 460 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жеке сектордағы үйлерді газбен жабдықтау жобасы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындайтын меморандумға қол қойды. Жеке үйлерді газға қосудың бірыңғай тәсіліне сәйкес әкімдік үйлерді тексеріп, тұрғындарға кеңес береді. Одан кейін білікті мердігер ұйымдар қажетті жұмыстарды жүргізеді. Бұл ретте, тұрғындарға газбен жылыту жүйесіне көшуге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Оған қаржылық және ұйымдастырушылық мәселесін шешу, қажетті құжаттарды рәсімдеу және басқа да қолдау шаралары кіреді.

«Алматыда жеке үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Әр үйде мәселенің туындау себептері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан техникалық жұмыстарды жүргізіп қана қоймай, тұрғындарға кеңес беруден бастап, үйлерді газға қосуға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсету маңызды. Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнестің қолдауы мұндай жұмыстың ауқымын кеңейтіп, нақты мәселелердің шешілуін жеделдетуге мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Жеке үйлердің көмірден табиғи газға көшуі Алматыдағы ауа сапасын жақсарту үшін де маңызды. Жылыту маусымында жеке секторда қатты отын жағу қоршаған ортаға тарайтын ластаушы заттардың негізгі көздерінің бірі болып отыр.

«Біз үшін қала инфрақұрылымын дамыту және Алматы тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жобаны қолдау маңызды. Жеке секторды газдандыру тұрғындарға заманауи жылыту жүйесіне көшуге мүмкіндік береді. Біз осы бастаманы жүзеге асыруға қолдау көрсетіп отырғанымызға қуаныштымыз», – деді Болат Өтемұратов Қорының бас директоры Айнұр Кәрібозова.

Айта кетейік, бұл Қордың Алматыдағы алғашқы жобасы емес. Қалада Қор Ботаникалық бақты, сондай-ақ ҚР Ұлттық орталық музейінің желдету және ауа баптау жүйесін жаңғыртуды қолдады. Сонымен қатар Алматыда Қордың «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасы аясында ашылған алғашқы «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының бірі жұмыс істейді. COVID-19 пандемиясы кезінде Қор денсаулық сақтау жүйесіне қолдау көрсетті. Атап айтқанда, ПТР-тестілеуге арналған мобильді зертханалар орнатылды.

12 жыл ішінде Қор еліміздің әр түрлі өңірлерінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды. Олардың қатарында Есік пен Қосшыдағы мектептер, Қызылордадағы жаңа әуежай терминалы, Қосшыдағы қомьюнити орталығы, Жезқазғандағы «Шабыт» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы бар. Сонымен бірге Қор білім беру, денсаулық сақтау, инклюзия, мәдениет, экология және табиғи апаттардан зардап шеккендерге қолдау көрсету бағыттарында да бірқатар бастаманы жүзеге асырды. 2014 жылдан бері Қор әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 250 млн доллардан астам қаржы бөлген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

Бүгін 16:14

Алматыда Студенттер лигасының жаңа маусымы басталды: 43 жоғары оқу орны, 128 команда және 1500-ден астам қатысушы

Бүгін 16:01

Чемпиондарға – университет гранты

Бүгін 15:58

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турнирі аяқталды

Бүгін 15:26

VietJet Air Ханой – Алматы – Прага жаңа әуе бағытын ашты

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);